Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың сараланған тәсілін ұйымдастыру



бет3/3
Дата24.06.2023
өлшемі34,78 Kb.
#103300
1   2   3
Байланысты:
13- күн Ерекше білім қажет балаларды саралау (1)

ЕББҚ бар оқушылар үшін сараланған тапсырмалар дайындаудағы мұғалімнің жұмыс кезеңдері:
1. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін зерделеу: физикалық (денсаулық), психологиялық және тұлғалық.
2. Келесі ерекшеліктері бар білім алушылардың жекелеген топтарын бөлу:
- қазіргі уақытта материалды меңгеруі түлі деңгейде;
- жұмыс қабілетінің деңгейі және жұмыс қарқыны;
- қабылдау, есте сақтау, ойлау ерекшеліктері.
3. Білім алушыларға тапсырманы өз бетінше орындауға жәрдемдесетін әртүрлі әдістерді қамтитын сараланған тапсырмалар құрастыру немесе таңдау.
4. Білім алушылар жұмысының нәтижелерін тұрақты бақылау, оған сәйкес сараланған тапсырмалардың сипаты өзгереді.
Тапсырмаларға қойылатын негізгі талаптар.
1-деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалар меңгерілген білімді өзгертпестен еске түсіруге және өзектендіруге бағытталған, білім алушы базалық білімді, икемділікті, дағдыларды көрсеткенде келесі тапсырманы орындайды: «оқулықтың/тарихи дереккөздің мәтінін оқып, тарихи оқиғаның себептері мен салдарының сипаттамасын тап, тақырып бойынша ұсынылған мәтін негізінде кестені толтыр, сәйкестікті анықтауға арналған тапсырманы орында және/немесе мәтінге сүйене отырып, шындық/жалған екенін анықта және т.б., ұсынылған нұсқаулар арқылы картадан тап және т.б.» Үлгі бойынша жаса; жетіспейтін сөзді қой; мәнін тап, мәтінді оқы, мәнерлеп оқы, оқығанды мазмұнда, есеп шығар».
2-деңгейдегі тапсырмалар. Бұрын зеделенген материалды салыстыру, сипаттау және ретке келтіру үшін, яғни алынған білімді өзгертуді қажет ететін ұқсас міндеттерді шешу үшін өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, кері байланыс функциясын орындайтын тексеру тапсырмалары. Осы деңгейде білім алушылар ақпаратты өз бетінше жаңғырта алады және оны әртүрлі жағдайларда қолдана алады: «тарихи оқиғаның себептері мен салдарын бұрын зерттелген оқиғамен салыстыр, олардың ортақ және ерекше тұстарын анықта, оқулық/тарихи дереккөз мәтінінен тарихшының/саясаткердің тарихи оқиға туралы тұжырымын растайтын немесе жоққа шығаратын фактілерді тап» «Бақылап, қандай да бір белгілер бойынша топтарға бөл; есепті көптеген әрекеттер арқылы шығару үшін оның сұрағын өзгерт; артығын алып таста».
3-деңгейдегі тапсырмалар. Орындау барысында білім алушылар жаңа білім алатын танымдық-іздестіру сипатындағы тапсырмалар. Мұндай жұмыс ақыл-ой әрекетінің келесі түрлерін орындауды талап етеді: талдау және синтездеу, салыстыру, негізгісін атап көрсет, жалпылау және жүйелеу: «тарихи оқиғаның себептері мен салдарын көрсететін тарихи дереккөздерді тап, осы ақпараттан фактілер мен пікірлерді атап көрсет». «Қандай да бір қағидаларға, заңға өз мысалдарыңды келтір; қорытынды шығар, кестені өз мысалдарыңызбен толтыр, ойдан шығар; ойлап тап; таңдап ал».
Оқушылардың оқу мүмкіндіктеріндегі жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде сараланған тапсырмалардың негізгі мақсаты олардың әрқайсысына оқу жұмысы барысында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет