Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар


Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады



бет4/4
Дата12.09.2022
өлшемі30,74 Kb.
#38917
1   2   3   4
Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады.

  1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға арналған сауалнама.

  2. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тексеру кестелері (топтық бағалау)

  3. Баланың ойын әрекеті барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған кестелер.

  4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық –әдістемелік материалдар.

Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші компенсаторлы –техникалық құрал –жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік –психологиялық қолдау», « Түзете -дамыта оқыту» .Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына жетекші маман педагог –дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.
Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде тіркеледі.

  1. Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.

  2. Түзете –дамыту көмегін көрсету.

  3. Түзете –дамыту көмегін жоспарлау.

  4. Түзете –дамыту көмегінің тиімділігіне мониторинг жасау.

Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете –дамыту жұмыстарының тиімділігі мен дұрыстығын бағалау және әлеуметтік құқықтық кепілдемелері мен тиесілі қызмет түрін алу барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар жұмыс нәтижелерін «жеке дамыту бағдарламасының тиімділігі» деген бөлімге жазып отырады.
Ата –аналарды оқыту топ мамандарының міндеті болып табылады. Ата –аналарға баланың дамуын бағалау мен бақылау туралы, бала күтіміне байланысты және қажетті құрал –жабдықтар мен ойыншықтарды қолдану туралы,үй жағдайында сабақтар өткізуге қатысты және т.б кеңестар беріледі. Ата –аналарды оқыту (кеңес беру, тренингтер, дәрістер) мамандардың оқыту жоспарына отбасына қолдау көрсету ретінде енгізіледі. Ата –аналармен жұмыс жоспарына ЖДБ –ның барлық тарауларына жататын « Ата –аналарға кеңес беру» тарауы жатады.
Түзеу кабинетінде даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап қана қоймай, мектеппен байланыста болып ынтымақтаса тәжірибе алмасып отырамыз
«Психикалық дамуы тежелген балаларды түзете дамыта оқыту жұмыстарының бағыттары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға мектеп психологтары әлеуметтік педагогтар, арнаулы сынып мұғалімдері қатыстырылды. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық жағдайы мен даму мүмкіндіктері туралы әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүргізілді. «Түзету жұмысындағы қолдың ұсақ моторикасын дамытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында дефектолог маман, «Сөйлеу тілінің бұзылыстары және оларды түзету жолдары» тақырыбында логопед маман, «Психологиялық түзетуде арттерапияның ролі» психолог педагог маман, «Жалпы мектептердегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктері» тақырыбында әлеуметтік педагог әр түрлі жұмыстар жүргізіп, іс тәжірибе алмасып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету жолдарын үйретіп ,әдістемелік көмек көрсетті.
Шығармашылық бағыт бойынша балаларды өнерге баулып,әр-түрлі сайыстарға, байқауларға қатыстырып отырамыз. Жыл сайын дәстүрлі «Жұлдыз-ай» фестиваліне балаларды қатыстырып отырамыз.
Облыстық «Жұлдыз-ай» фестиваліне кабинеттен 1 бала қатысып, II-орынмен марапатталды.2013жылы Республикалық «Жұлдыз-ай» фестиваліне Қуандық Альбина қатысып, «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 2 демалыс лагерге барып демалды.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше білімді қажет ететін балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланысты болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Кабинетке келетін балалардың ата-аналары мамандармен ынтымақтаса баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, баланың бойындағы өнерлерін дамыту үшін жұмыстанады.
Балалар құқығын қорғау департаменті ұйымдастырған «Қолымыздан бәрі келеді» фестиваліне балалардың қолымен жасалынған экспонаттар жіберіліп, Жалтырова Надя «Кестелі орамал» номинациясы бойынша дипломмен бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Атырау облысында мүгедектерді оңалтудың 2009-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы» қаулысына сәйкес мүгедек балалардың «Дөңгелек дүние» атты байқау –көрмесі Ш. Сариев атындағы өнер музейінде өткізілді. Шоманов Асылан 1-дәрежелі дипломмен және Самсунг ұялы телефонымен марапатталды. Қалған оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Кабинет мамандарының атқарып отырған жұмыстары бойынша және олардың шығармашылық жұмыстарын дамыта түзеу бағытында педагогикалық оқу ұйымдастырылып әр маман өз жұмыcтарын қорғайды. Педагогикалық оқудың қорытындысы бойынша ауданнан бірінші орынға ие болған логопед Н.Малиеваның жұмысы облыстық 15 педагогикалық оқуға жолданып облыстан үшінші жүлделі орын алды. Облыстық семинарға психолог маман Альжанова Бибінұр, дефектолог Кадирова Камшат қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Әрбір мереке сайын балаларды қуанышқа бөлеп, мерекелік шаралар өткізіп отырамыз.
Қазан айы қамқорлық айы кезінде «Болашаққа сеніммен» атты акция өткіздік.Жеке кәсіпкерлер балалардың қуанышына ортақтасып, сыйлықтарын ұсынды.
Осындай тағы басқа істелген жұмыстардың арқасында кабинетке келіп түзету алатын балалардың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді.
№5 Психологиялық, педагогикалық түзету кабинетінің мамандары ерекше білімді қажет ететін балалардың проблемасын біртіндеп шешудің негізін қалыптастырып, олардың өзіне-өзі қызмет етіп өмір сүруіне жағдай туғызу үшін жұмыстанатын келеді.
Кажимгалиева К.У
Құрманғазы аудандық психологиялық
педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі

Әдебиеттер тізімі


1.Проектирование корекционного обучения дошкольников с общим недоразвитием речи, М. С.Грушевская, Э.Р.Амирова, Н.Н.Досанова, Г.М.Итекова, В.И.Тутарова Н.А.Субботина,Н.В. Янова I-II часть. Алматы 2010ж
2.Арнайы мектепте математика пәні бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. .И.Г.Елисеева Алматы, 2010ж
3.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. В.С.Мухина, Алматы Мектеп,1981ж
4.Дефектология №2, 2014
5. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан дамыту. Жармұхамбетова А.Қ, Халықова Б.С

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет