«Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға квест ойын технологиясын енгізу»



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата10.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#136168
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Жануарлар дыбыстары
- таспаға жазылған жан – жануарлардың 
дыбыстарын (мысалы: әтеш, есек, арыстан, доңыз және т.б) балалар айыру 
қажет. 5 - 10 минут уақыт беріледі. (сурет 1,2) 
Хаттама 
: Қатысушылар әр дұрыс жауап бойынша 1 балл беріледі. 
№ 
Команда,жетекші 
Ауданы, мектебі, 
орталық 
Жалпы ұпайы 




4.«Экологиялық квест» ойыны (2 нұсқа) 
 
Табиғат мынау тұнған бақ, 
Жаратқан Алла бізге арнап. 
Желегін жасыл жел тербеп, 
Құлпырған қырда қызғалдақ. 
Табиғат талай нұрланбақ, 
Жүректен жыр боп жырланбақ. 
Қазақстаным мен үшін, 
Жаһандағы иран бақ. деп Тілеубекова Гүлсана жырлағандай әр адам өзінің 
тұрған жерін,елін бағалап оны сақтап таза ұстау керек. 
Жүргізуші:
Балалар сіздер табиғат, экология туралы не білесіз? Өзімізді 
тексеріп көреміз бе? Кәне кім батыл, кім көп біледі екен? 
Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны мамыққа орады.
Жауабы қар 
Дүрліктіріп қырқаны, 
Шақпақ тастың жарқылы 
Бұлт көрпесін жыртады. 
Жауабы найзағай
Бұдақ түтін түсі аппақ, 
Көк жүзіне тұзақтап, 
Қойғандай-ақ жылжымай, 
Тауды өбеді құшақтап. 
Жауабы ақ бұлт 
Түсі бар көрінбейтін, 
Біртұтас бөлінбейтін. 
Тынысы ол тірліктің, 
Ешқашан жерінбейтін. 
Жауабы ауа 
Жыл мезгілі шуақты, 
Жердің беті нұрланған. 
Сайды қуып су ақты, 
Гүлдер өсті ырғалған. 
Жауабы көктем 
Күндіз білінбейді, 
Түнде күлімдейді. 
Жауабы жұлдыз 
 
Рахмет балалар. Келесі «Экологиялық квест» ойынымызды бастаймыз 5 
нүктеден берілген тапсырмалар бойынша өтеміз:


Оқушылар бес топқа бөлінеді (әр топта 7 баладан артық болмаған жөн) 
топ жетекшісіне сурет карта беріледі, сол арқылы басталды деген орталықтан 
бастап көрсеткіш арқылы барлық орталыққа барып тапсырмалар орындайды. 
Әр орталықта топтың аты және қанша ұпай алғандығы жазылады және 
соңында барлық орталық ұпайлары қосылып жеңімпаздар анықталады.
Сурет 3. 
5.
1.
4. 
3.
2. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет