Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі
қағидаларға негізделеді:
-
Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және
оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның
ұстанымын айқындайды.
-
Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін
қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму
ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу,
сондай-ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-
ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі
мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық
қатысушыларының қатынасуы.
-
Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне)
проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін
айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді.
-
Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі
кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік
жағдайлардың жасалуын ұйғарады.
-
Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері
бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда,
балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-
аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды
арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен
бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті
келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-аналық (заңды
өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: