2.Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға ойын
технологиясын енгізу.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз
ақыл -ойдың
қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай
ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі
жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойын - балаларға
арналған ең қолжетімді іс-шара, қоршаған әлемнен
алынған әсерлерді өңдеу тәсілі. Ойында баланың ойлау мен қиялының
ерекшеліктері, оның эмоционалдық белсенділігі, қарым-қатынас қажеттілігін
дамытуы айқын көрінеді.
Ойын дене шынықтыру, моральдық, еңбек
және этикалық білім беру
жүйесінде үлкен орын алады. Әрбір баланың оның мүдделерін және
әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмір сүру дағдыларын
арттыруға көмектесетін қызмет қажет.
Ойын арқылы білімдерін практикада пайдалана алады, оларды әртүрлі
жағдайда пайдалануға болады. Ойын – ол өздігінен атқаратын қызмет,
балалар қатарластарымен қарым – қатынасқа түседі. Оларды ортақ мақсат
біріктіреді, жетістікке жету үшін бірлескен күш –жігер және ортақ уайым.
Ойын тәжірибесі баланың ойында терең із қалдырады және жақсы сезімдерді
қалыптастыруға үлес қосады, қайырымдылық,
ұжымдық бірігу дағдыларын
қалыптастырады.
Ойын арқылы білім алады, ол сабақта оқуды, күнделікті өмірде
бақылаулармен тығыз байланысты. Балалар өз ойын міндеттерін шешуге, өз
жоспарларын жүзеге асырудың ең жақсы әдісін табуға, өз білімін пайдалана
білуге, сөйлеуді үйренеді.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларғадан педагогтер ұзақ
уақыт бойы оқытудың нәтижелерін күтеді, балалармен «кері байланыс»
орнату өте қиын, қалыпты балалармен салыстырғанда.
Ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларды дамытудың негізгі шарты ересектермен көп
қарым- қатынас жасау. Соның ішінде ойын қызметі арқылы қарым- қатынас
жасау үлкен роль атқарады.
Психикалық процестерді дамыту (әсіресе ойлау, қиял және сөйлеу)
көбінесе ойын деңгейіне байланысты. Ойын барысында баланың болашақта
кездесетін функциясы пайда болады. Ойында өз іс-әрекеттерін жоспарлауға
және оның серіктестерінің іс-әрекетін реттеуге үйренеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар нақты объектілермен
жұмыс істеуді қалайды.
Бұдан басқа, іс-әрекеттермен немесе сөзбен
қызығушылық қабілеттерін дамыта алмайды. Үйірме сабақтары, шараларда
ойын әрекеттерінің үйлесімі арқылы бағдарлама материалдарын меңгеру
оңайға түседі. Ойын арқылы ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар
балаларға шаралар өткізу тиімді және оқушыларды өмірге бейімдеу, алған
білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу. Осы мақсатта
облыстық эклогиялық – биологиялық орталығында «Жүректен жүрекке»
қамқорлық жобасы негізінде «Экологиялық квест» ойыны жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: