3. «Экологиялық квест» ойыны Квест (ағылшын тілінен аударғанда «quest»-
шақыру, іздеу, қызықты
уақиға деген мағаналарды береді) – бұл интеллектуалдық ойын түрі,
қатысушылар бірқатар кедергілерден өтуі тиіс, белгілі бір тапсырмаларды
шешу, логикалық жұмбақтарды шешу, жолында кездескен қиындықтармен
күресу, ортақ мақсатқа жетуі қажет.
Квестер өзіндік бірқилы қалыпы мен сюжеті бар үлкен және әдемі
ойын болып табылады. Оның мағынасы әртүрлі заттарды қолдануға
негізделген. Квест ойындарының өзіндік сипатты кескіні бар – бұл жағымды
музыкалық сүйемелденумен сапалы графика, ойластырылған шиеленіскен
сюжет, көптеген локациялар, қызықты жұмбақтар және тапсырмалар. Олар
өзіне тартады, қызықтырады және соңына жеткенше өзінен босатпайды.
Мұндай ойындарды балалар да, ересектер де ұнатады.
Ойыншыда жылдам әрекеттік қабілеттің болу міндетті емес. Бұл жерде
акцент дұрыс ойластыруға, әр қадамды санап басуға және дұрыс шешім
қабылдауға қойылады. Күрделі жұмбақтарды шешуге, жасырылып қойылған
заттарға және оларды дұрыс қолдануға бағытталған квест ойындары бар.
Квестдағы кез-келген әрекет бір нәрсеге байланысты болуы керек. Егер
сіз мұқият және қозғалғыш болсаңыз, онда ұзақ уақыт бойы тапсырманы
орындау мүмкіндігін іздестіруге тура келмейді. Ойлануға жеткілікті дұрыс,
қиялыңызды қосып, жауапты таба аласыз.
Квест логика мен ойлауды дамытады, өте қызықты немесе
эмоционалды жағдайға ұқсас кейіпкердің сезімін сезінуге мүмкіндік береді.
Күрделі квест ойындары нақты өмірде болмайтын барлық жағдайды береді.
Әдетте, квест туралы әңгіме кітаптар мен фильмдерге негізделген, себебі бұл
ойын түрі ерекше қызықты.
Осы ойын түрі жеңілдетіліп экологиялық – биологиялық бағытты
ұстанып балалардың ойнау арқылы жан – жануарларды, өсімдіктерді танып
білуге баулуға бағытталды.