«Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс -әрекетін ойын -жаттығулар арқылы дамыту»


Бұлшықет тонусын реттеуге бағытталған жаттығу



бет3/4
Дата17.08.2022
өлшемі27,57 Kb.
#38174
1   2   3   4
Бұлшықет тонусын реттеуге бағытталған жаттығу. Мақсаты: Бала бұлшық етін босаңсыту. Мысалы: «Аққала». Барлығы түрегеліп тұрады. Балаларға өздерін аққала кейпінде елестету ұсынылады. Дене қатып тұрған қар сияқты қатты ширығу керек. Содан кейін аққала біртіндеп ери бастайды. Бірінші басы, сосын иықтары, қолдары, арқасы, аяғы. Кейін аяқтан бастап еруге ұсыныс жасауға болады.
«Түрлі-түсті макорондар» ойыны. Сиқырлы макарондардың түстерін ажырату. Тарелкедегі макарондарды ажыратып (түсі, көлемі, пішіні бойынша), ыдыстарға салу.
Сурет терапиясы. «Жанұя суреті» Мақсаты: Балалардың ішкі сезімін ашу, қиялын дамыту.
Ұсынылып отырған ойын-жаттығулар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін, ұсақ моторикасын дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, достық сезімге тәрбиелеуге үйретеді.
Оқушылардың даму деңгейінің сапасын, нәтижесін білу мақсатында әр тоқсан сайын бір рет диагностикалық жұмыстар жүргізіп отырамын. Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады.
Анықтаушы эксперимент барысында балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау мақсатында мынадай танымдық зерттеу әдістері қолданылды: қабылдауын зерттеу; есте сақтауын зерттеу; ойлау қабілетін зерттеу; зейінін зерттеу.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға танымдық іс-әректінің ойын арқылы дамытудың артықшылықтары:

  1. Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға бейімдеуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізі қаланады;

  2. Психологиялық-педагогикалық танымдық ойын-тапсырмалар арқылы баланың қызығушылықтары артады;

  3. Өз ойы мен сезімін еркін білдіруге, шешуі қиын шиеленісті жағдайдың дұрыс жолын табуға әдеттенеді;

  4. Танымдық іс-әрекет процестері дамиды;

  5. Баланың жан-жақты білім мен тәрбиені қатар меңгеруге жағдай жасалады;

  6. Баланың ішкі жан дүниесін анықтауға себепші болады;

  7. Мектепте оқуға психологиялық қызығушылығы артады;

  8. Баланың сана-сезімі дамуына себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет