фрагментарлық түсіну (мәтіннің белгілі бір үзіндісін түсінгенін бағалау). Мысалы үшін қарапайым деңгейге арналған диалогтар мен тест тапсырмаларын алып қарайық.
толық түсіну (мәтін мазмұнын толық түсінгенді бағалау)
— Мәдина, таңертең жүгіруге шығамыз ба?
— Міндетті түрде, Әмина.
— Нешеде кездесеміз?
— Сағат 7-де, жазғы театрдың жанында кездесеміз.
Сөйлемді толықтырыңыз.
Олар … барады.
A) киноға
B) театрға
C) жүгіруге
D) саябаққа
Сұраққа жауап беріңіз.
Олар қай уақытта кездеседі?
A) түнде
B) түсте
C) кешке
D) таңертең
терең сыни түсіну (мәтіннің мақсатын, негізгі идеясын анықтай алуды, мәтін мазмұнынан эмоцияны, көзқарасты таба білуді, қорытынды, түйін жасай алуды бағалау). Тек орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлердің тапсырмалары ретінде ұсынылады. Төменде орта деңгей бойынша мәтін мен тапсырмалар келтірілген.
– Бүгін сәрсенбі ғой. Киноға кіруге студенттерге елу пайыз жеңілдік бар. Киноға барайық.
– Бағдарламасын көрдің бе? Қандай фильм болады екен?
– Комедия жанрындағы фильмдер болады.
– Маған комедия ұнамайды. Сондықтан бара алмаймын.
– Маған керісінше ұнайды.
Не себепті киноға барғысы келмеді?
A) көңіл күйі жоқ
B) бос уақыты жоқ
C) кино жанры ұнамады
D) басқа біреумен барады
Жеке пікірді табыңыз.
A) Киноға барайық.
B) Комедия жанры жақсы ғой.
C) Киноға елу пайыз жеңілдік бар.
D) Комедия жанрындағы фильмдер болады.
Қорыта айтқанда, тыңдалым қарым-қатынастың негізін қалайды, ауызекі сөйлеуді меңгеру тыңдалымнан басталады. Тыңдалым тіл үйренушіні мұқият тыңдауға, айтылатын ақпараттың негізгі мазмұнын алдын ала болжауға үйрете отырып, тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады.
Тыңдалым кез келген тілде топталу мен зейінді талап етеді. Басқа дағдыларға қарағанда көбірек еңбектенуді қажет етеді, өйткені тыңдалым кезінде бір уақытта лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдылармен де жұмыс жасалынады.
Біз тыңдау арқылы қоршаған орта, ондағы болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды ала отырып, дүниетанымымызды, тілдік қорымызды байытамыз, қабылданған ақпаратқа талдау жасап, өз пікірімізді білдіреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер ҚР СТ 1926-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру». – Астана, 2015.-36б.
ҚР СТ 1928-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру». – Астана, 2015.-38б.
ҚР СТ 1929-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру». – Астана, 2015.-42б.
ҚР СТ 1925-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру». – Астана, 2015.-46б.
ҚР СТ 1927-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру». – Астана, 2015.-48б.
Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама. – Астана, 2016.-83б.