Жұмыстың мақсаты: Қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде индикаторлардың түс өзгерісін бақылау. Электролиттердің ерітінділерінің қасиеттерімен танысу.
4.1 Жалпы мәліметтер
Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар, негіздер және тұздар суда ерігенде оң зарядталған (катиондарға) және теріс зарядталған (аниондарға) иондарға ыдырайды. Мысалы:
НСІ ↔ Н+ + СІ-
NаОН ↔ Nа+ + ОН-
NаСІ ↔ Nа+ + СІ-
Барлық қышқылдар судағы ерітінділерінде сутек катиондары мен қышқыл қалдықтарына диссоциацияланады. Барлық негіздер судағы ерітінділерінде металл (немесе аммоний) катиондары мен гидроксил аниондарына диссоциацияланады.