Біртекті иондардың қатысында әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі төмендейді. Себебі: диссоциация қайтымды процесс болғандықтан Ле-Шателье принципі бойынша, тепе-теңдік біртекті иондарды азайту бағытында, яғни молекулалардың түзілу бағытында ығысады.
Концентрациялары төмендеген сайын әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесінің өсетіндігін Оствальдтың сұйылту заңының математикалық өрнегі сипаттайды.
Электролит ерітінділерінде реакция иондар арасында жүреді. Иондар арасындағы реакция нашар еритін зат, газдар және аз диссоциацияланатын заттар түзілу бағытында жүреді.
Электролиттік диссоциация - қайтымды процесс болғандықтан, әрекеттесуші массалар заңын қолданып диссоциация процесінің тепе-теңдік константасының өрнегі алынады. Диссоциация процесінің тепе-теңдік константасы электролиттің диссоциациялану константасы (К) деп аталады. Электролиттің диссоциациялану константасы тек келесі факторларға тәуелді:
Электролиттің табиғатына;
Температураға.
Электролиттің диссоциациялану константасы (К) диссоциациялану дәрежесі (α) сияқты электролиттің күшін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |