Бақылау тапсырмалары:
1. Берiлген комплекстi қосылыстарды атаңыз және комплекс түзушi иондарды көрсетiңiз. Комплекс түзушi иондардың зарядын және координациялық санын анықтаныз:
K2[Cu(CN)4]; [Ni(NH3)6]SO4; K2[PtCI6]
2. Мына берiлген атаулар бойынша комплекстi қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Комплекстi қосылыстардың iшкi сферасын квадрат жақшаға алыңыз:
а) калийдiң гексанитрокобальтаты (III);
б) натрийдiң дицианаргентаты;
в) гексаамминкобальт (III) -тiң бромидi;
г) магнийдiң трифторгидроксобериллаты;
д) диакватетрамминникель (II)- дiң нитраты.
3. Берiлген комплекстi қосылыстардың бiрiншi және екiншi реттiк диссоциациясын жазыңыз:
[Cu(H2O)4]SO4; K[Au(CN)4]
4. Берiлген комплекстi қосылыстарды атаңыз және комплекс түзушiнiң зарядын анықтаңыз: K[AuCI4]; [Cr(NH3)4CO3]CI; Zn[Ni(CN)4]; [Co(NH3)4(SCN)2]CI
5.Ni(NH4)2(SO4)2 тұзының ерiтiндiсiнен натрий гидрооксидi никелдi Ni(OH)2 түрiнде тұнбаға түсiредi, ал Ni(NH3)6SO4 тұзының ерiтiндiсiнен никелді тұнбаға түсiрмейдi. Осы екi тұздың қайсысы комплекстi тұз, қайсысы кәдiмгi қос тұз ?
6. Мына комплекстi иондардың: [Ag(NO3-)2]-, [Co(NH3)6]3+, [HgBr4]2-, [Cd(CN)4]2-, [Au(CN-)2]- тұрақсыздық константаларының формулаларын жазыңыз және осы константалардың сандық мәндерiн анықтамалық бөлiмнен (қосымша Ж) тауып алып, бiр-бiрiмен салыстырып, көрсетiлген комплекстi иондарды тұрақтылықтарының артуы бойынша бiр қатарға орналастырыңыз.
7. 0,1 М [Ag(NH3)2]CI ерiтiндiсiнің 1 литрінде қанша моль СI-, Ag+ - иондары, NH3 молекулалары бар ? К тұрақсыздық = 6,8 · 10-8
[Ag(NH3)2]+
8. Мына келтiрiлген тұздардың iшiнен катиондық, аниондық және нейтрал комплекстi тұздарды көрсетiңiз және атаңыз:
K3 [ AI(OH)6]
[ Cd ( NH3)4] CI2
[ Ag ( NH3)2] NO3
[ Cо (NН3)3 (NО2)3]
[Pt CI4(NH3)2]
Na3 [FeF6]
9. Мына келтiрiлген тұздардың типiн (комплекстiк, қос, орта, негiздiк, қышқылдық) анықтаңыз. Осы тұздарды атаңыз, диссоциация теңдеулерін жазыңыз.
а) K2SO4
б) NaHSO4
с) ( CuOH)2SO4
д) [Cu (H2O)4]SO4
е) NH4 Fe (SO4)2
10. Калий роданидiмен мына тұздардың:
A) (NH4)2SO4 ·Fe2(SO4)3
Б) 3 KCN·Fe(CN)3
ерітінділеріне әсер еткенде бiрiншi тұз ерiтiндiсi қан-қызыл түске боялған, ал екiншi тұз ерiтiндiсi боялмаған. Қай тұз комплекстi тұз, қай тұз қос тұз?
11. Мына комплексті тұздың K3[AsS4] комплекс түзуші орталық ионының тотығу дәрежесін көрсет:
A) +1 B)+5 C)+3 D)+4 E)+2
12. Мына комплексті ионның [Cо(NH3)4(NО3-)2]+ орталық ионының координациялық санын көрсет:
Достарыңызбен бөлісу: |