Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған.
«Еркін ерік» - бұл әр түрлі баламалардың ішінен іс-әрекетті таңдау үшін рационалды агенттердің белгілі бір қабілетін білдіретін арнайы философиялық термин.