1. Оқыту мен оқу әдістеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі? XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін калыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
2. Қазақстандағы және әлемдегі білім беру жүйесі Финляндиядағы білім беру жүйесі. Қағидалар:барлық бала тең құқылы; жекеменшік мектептер жоқ; сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі; түскі ас тегін; оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді; мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ; мұғалімдерге толықтай сенім артады; жемқорлық өте аз; табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады; ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.
Финляндиялықтар балаларды 9 жылдық мектепке топтастырмайды. Бұл елде 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Оқу жылы 190 күннен құралады. Тек күндіз ғана білім алады. Ал сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс. Барлық фин мектебі тек 1 ауысымда жұмыс істейді. Ұстаздардың жұмыс күні сағат 8-ден 15-ке дейін созылады. Мектепті бітірерде қорытынды экзамен тапсыруға міндетті емес. Ал диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен жүзеге асып отырады. Білім мекемелері жоғары деңгейде жабдықталған. Сыртқы, ішкі көрінісі көздің жауын алады. Жиһаздардың даусы шықпайды. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқ таққан, немесе матамен қаптап қойған.
Италидағы білім беру жүйесі: Алты жастан бастап бастауыш мектепке барады. Алғашқысы - « scuola elementare», кейінгісі - «scuola elementare». Екеуін де балалар тегін білім алады. Бұл деңгейде оқу, хат жазу, сурет салу, арифметика, музыка сынды пәндер өтіледі. Қалауларына сәйкес дінтану пәні жүргізіледі. Бұдан өзге бір шет тілін меңгеру мүмкіндіктері бар. Оқушылар аптасына 5 күн, 6 сағаттан оқиды. Әр баспалдақтан кейін тестілеу жүргізіледі. Оқушыларды «өте жақсы», «жақсы» сынды сөздермен бағалайды. Мүгедек балалар да өзге қатарластарымен бірге оқиды. Италияның әдеттегі мектептерінде сыныптар өте үлкен болады. Ал жекеменшік мектептерде 5%-ға кіші. Жекеменшік мектептер оқушыларға аттестат ұсына алмайтындықтан, аталған мектептің оқушылары сертификат алу үшін мемлекеттік экзамен тапсырады. Алғашқы бес жылдық баспалдақтан өткен соң, жазбаша және ауызша экзамен тапсырады. Экзамендер аяқталған соң бастауыш сыныпты тәмамдағанын растайтын «diploma di licenza elementare» атты аттестат береді. Бұдан кейін оқушылар 14 жасқа дейін білім алатын «scuola media» мектебіне өтеді. «Scuola media» мектебінде италян тілі, өнер, музыка, математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, география сынды пәндер оқытылады. Әр жыл сайын «өтілді-өтілмеді» жүйесіне сәйкес экзамен өткізіліп отырады. Егер оқушы аталған сынақтан өте алмаса, келесі жылға қалдырылады. Орта мектепті тәмамдаған соң италян тілі, математика, шет тілі пәндерінен ауызша, жазбаша экзамен тапсырады.