Адамның іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары эр адамда әр түрлі. Біреу-лердің еркі жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі сылбыр, ынжык, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз калдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар.
Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылык, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылығы.
Тұлғаның еріктік қасиеттері
Дербестік - белгілі істі, мақсатты орындауда бөтен адамдардың жетегінде кетпей, өз білімімен, жігерлігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу. Бұл- ерікті қасиеттің кемелденген түрі. Бұған қарсы ұнамсыз түрі - өгенің сөзіне еріп, иланғыштығы.
Батылдық-адамнын, шешімді батыл кабылдап, ауытқу дегенді білмеуі. Істе-ген жұмысын дәйектеп, оны жүзеге асыруы. Батылдық ерлікпен байланысты. Еріктің бұған керісінше ұнамсыз түрі - тартыншақтық.
Табандылық - кабылдаған ше-шімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жігерлілік таныту. Бүл сапаға қарама-карсы ұнамсыз сипатақа - Сарысушылық, қиқарлық, ынжықтық.
Адамның өзін-езі билеуі ұстамдылық, сабырлылық аркылы байқалады. Бұл - еріктік қасиетінін, жоғары сапасы. Мұндай адам өзін мақсатты ісін орындауға бейімдеп, өзіне талап кояды. Қездескен қиыншылықтарды, жалқаулықты, қоркы-нышты т. б. жеңе біледі. Көңілі соқпаған қызықсыз іс-терге де ез бойындағы күш-куатын жұмылдыра аладьі. Еріктің бұл сапасы адамның өзін-өзі тежеп, ашу-ызаға, күйгелектікке берілмеуіне ықпал етеді.
Тұлғаның еріктік қасиеттері
Адам еркінің ұнамды қасиеті — борыш сезімі. Бұл емір сүрудегі мақсат айкындығын көрсетеді. Адамның сол максатқа жетудегі күмарлық сияқты даралық ерек-шелігін қалыптастыруға көмектеседі.
Борыш сезімі - моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет-қылықтың жол көрсеткіші.