Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтиже-сінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланын желігін керсететін талаптар өте ерте, оның эмоция сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие аркылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады. Бірақ, олар әлі де саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатты болады. Баланын саналы әрекетке қабілеті жаттыгу нәтижесінде біртіндеп дамиды.
Оқушылар еріктің дамуы
Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — баланың бойында жағымсыз сипаттар дами берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын да-мытып отыру. Ерік сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мә-нін түсініп, максат таңдайды, ниет-тілек таласын терен " түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отан-ды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланын адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамыту-мен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тәрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптас-тыруға тікелей ыкпал етеді.