Әріптік-дыбыстық әліпби қолайлылығының себептерін түсіндіріңіз. Тиісті дереккөздерден тапсырмаға қажетті материалдарды жинақтаңыз. Ортағасырлық жазба мұралар туралы деректер келтіріңіз
Әріптік-дыбыстық әліпби қолайлылығының себептерін түсіндіріңіз. Тиісті дереккөздерден тапсырмаға қажетті материалдарды жинақтаңыз. Ортағасырлық жазба мұралар туралы деректер келтіріңіз.
Әріп жазуының шығуына және дүние жүзіне кең таралуына оның қарапайымдылығы, сөздердің дыбысталуын дәл беретіндігі, әр түрлі тілдерге қолайлығы себеп болды деуімізге болады. Әріп-дыбыс жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін маңызы орасан зор болды. Өйткені бұл жазу – жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғайлысы. Барлық тілдерде сөздердің саны мен буын санынан дыбыстардың саны әлдеқайда аз. Осыған орай, әдетте, дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан 40-қа дейінгі таңбаның өзі жеткілікті болады. Әріп таңбаларының мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетеді. Бұл жазу, әсіресе, сөздердің дыбыстық жағы мен олардың грамматикалық формаларын дәлме-дәл беруде өте-мөте қолайлы.
Бұл әліпбиде таңба саны аз, яғни оны игеру және жаттау өте оңай. Сондай-ақ, әр таңба бір сөйлемді емес, сөзді не буынды емес, тек бір әріпті білдіреді, таңбалайды.