2-тапсырма: "Монтажник" АҚ Италияда құны 12 000 еуро болатын металл кесетін жабдық сатып алды. Жабдықты жеткізуге шығындар 320 000 теңге, кедендік алым 938 евро, жабдық құнының 10% - ы кедендік баж, монтаждауға арналған шығындар 594 000 теңге, технологиялық желіні сатып алу бойынша делдалдық фирмаға комиссиялық сыйақы 100 000 теңге, шартты жасау бойынша заңгер қызметінің құны 35 000 теңге, персоналды жабдықта жұмыс істеуге оқытуға шығындар 108 390 теңге, жабдықты сынамалы іске қосуға арналған материалдардың шығындары 16 000 теңге, шығарылған сынамалы (кондициялық емес ) өнімнің өзіндік құны 5 720 теңге. Келесі төлем опцияларымен жабдықтың бастапқы құнын есептеңіз:
1) 100% алдын ала төлем
2) Жабдықты жеткізгеннен кейін төлем. Алдын ала төлем жасалған күнгі еуро бағамы-189 теңге; алушы кәсіпорынның қоймасына жабдық келіп түскен күнгі еуро бағамы-195 теңге.