Кдисс әлсіз электролиттің иондарға ыдырау қабілеттілігін көрсетеді, оның мәні тек әлсіз электролиттер үшін тұрақты (const) шама болып табылады
ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ӘЛСІЗ
ОРТАША
КҮШТІ
Суда ерімейтін тұздар
мен негіздер,
органикалық қышқылдар
Суда аз еритін тұздар
мен негіздер,
амфотерлік негіздер
Суда жақсы еритін тұздар,
сілтілер КOH, NaOH,
олардың оксидтері Na2O,
Ba(OH)2
Оствальдтің сұйылту заңы Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі мен константасының арасында математикалық тәуелділік бар және ол Оствальдтің сұйылту заңымен анықталған:
Әлсіз электролиттер үшін α=1 және Кдисс тұрақты шама болғандықтан:
онда Қорытынды: ерітіндіні сұйылтқан сайын, оның диссоциация мүмкіндігі (α) жоғарылайды Күшті электролиттер теориясы (Дебай, Хюккель) бойынша күшті электролиттер ерітіндіде толық диссоциацияланғандықтан иондар концентрациясы жоғары болады.
Әр аттас иондар арасында электростатикалық тартылыс күштері туады. Нәтижесінде әр ион қарама-қарсы зарядты ионмен «иондық атмосфера» құрып қоршалады. Бұл иондардың қозғалғыштығын тежейді. Соның салдарынан иондардың активтігі төмендейді. Реакцияға түскенде, олардың концентрациясы нақты концентрациясынан кем болып көрінеді. Осы құбылысты түсіндіру үшін «активтілік» деген ұғым енгізілген. Химиялық реакцияға түсетін концентрацияға сәйкес концентрацияны ионның активтілігі деп атайды:
а = c
а – ионның активтілігі, моль/л;
– активтілік коэффициенті;
с – мольдік концентрация, моль/л
Гидратталған иондар – ерітіндіге өтеді Активтілік коэффиценті ерітіндінің иондық күшіне байланысты. Ерітіндінің иондық күші ондағы барлық иондардың мольдік концентрациясы мен олардың зарядтарының квадратының көбейтіндісінің жартылай қосындысына тең: - ерітіндінінің иондық күші
Сi – i-ионның мольдік концентрациясы, моль/л
Zi – i-ионның заряды
Мысалы: 0,1М алюминий сульфаты ерітіндісінің иондық күшін есептегенде
Электролит ерітінділерінің электр тоғын өткізу қабілеті ондағы иондардың қозғалғыштығына байланысты болады.