Ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізеді заттар электрөткізгіштігі бойынша электролиттер бейэлектролиттер ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізбейді
ДӘРІС №6
ЭЛЕКТРОЛИТ ЕРІТІНДІЛЕРІ
ТОҚ ӨТКІЗЕТІН ЗАТТАР
(электрөткізгіштер)
МЕТАЛДАР
(1-ші ретті электрөткізгіштер
бос электрондар арқылы
тоқ өткізеді)
ЭЛЕКТРОЛИТТЕР
(2-ші ретті электрөткізгіштер
зарядталған иондар арқылы
тоқ өткізеді)
Ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізеді ЗАТТАР ЭЛЕКТРӨТКІЗГІШТІГІ БОЙЫНША
ЭЛЕКТРОЛИТТЕР БЕЙЭЛЕКТРОЛИТТЕР Ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізбейді Күшті ковалентті полюсті немесе иондық байланысқа ие
Негіздер
Қышқылдар
Тұздар
Ковалентті полюссіз немесе әлсіз полюсті байланысқа ие
Органикалық қосылыстар
Газдар NH3, NO, CO2
Бейметалдар
Қышқылдар диссоциалағанда Н+ катонын түзеді
Негіздер диссоциалағанда ОН- анионын түзеді
Амфолиттер диссоциалағанда Н+ және ОН- иондарын түзеді
Электролиттер дегеніміз балқымалары мен ерітінділері электр тоғын өткізетін, иондық электроөткізгіштікке ие болатын заттар.
Электролиттердің қасиеттерін электролиттік диссоциациялану теориясы (ЭДТ) түсіндіреді, оның негізін С.Аррениус (Нобель сыйлығының лауреаты, 1093 жылы) қалады (1887ж.). Ол еруді тек физикалық құбылыс деп карастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар – И.А.Каблуков, В.А.Кистяковский, Д.И.менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады.
Электролиттік диссоциация – полярлы еріткіш әсерінен электролит молекуласының иондарға ыдырауы.
Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.
Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Иондардың оң зарядталғаны катодка тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары теріс зарядталған аниондар деп аталады.
Ағылшын физигі М.Фарадей XIXғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды:
Электролит ерітіндісі арқылы тоқ өткізгенде катиондар (-) зарядталған катодқа,
ал аниондар (+) зарядталған анодка қарай жылжиды.