Пысықтау сұрақтары:
Еркіндік деген не ұғым?
Түрлері бола ма, болмады ма?
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие.
#еркін #ерік
Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады.
Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан.
Гегельеркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады.
К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді.
Ф.Энгельс өзінің «Анти-Дюринг» атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарымқатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді.
Қандай істі болса да, аяғына дейін жеткізіңіз. Сонда ғана еркіндікті сезінесіз. Стивен Кинг Еркіндік - жалаңаш. О. Сүлейменов Еркін адам дегеніміз — өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам. Анахарсис Нағыз еркіндік — еш байлығың болмағандағы еркіндік. Мен қалтамда бір цент болмаған кезде қазіргіден әлдеқайда еркін болатынмын. М. Тайсон Тәртіп еркіндікпен пара-пар. Джоко Виллинк Ықтияр еркіндігімнің бірінші қадамы — ықтияр еркіндікке сену. Уилиям Джеймс Ең тамаша әрекет — бақытқа қол жеткізетін еркіндік. Әл-Фараби Қанша ұлы, қанша күшті болса да, әлі күнге дейін ешбір кісі балық секілді еркін болған емес. Джон Рескин Ақыл еркіндікке жол ашады, еркіндік әрекетке иелік етеді.
Ан Ямос Коменский Сонда, Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін.
Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты.
Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымына да тәуелді.