Еркишева жазира сабыровна


Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруда мәтінді



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

1.2 Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруда мәтінді 
есептердің орны мен маңыздылығы 
Орта мектепте математиканы оқыту процесінде есептер негізгі ұғымдар мен 
әдістерді, теорияны меңгеру, функционалдық сауаттылықты дамыту құралы 
ретінде негізгі міндеттерді атқарады. 
Математиканы оқыту мақсатына сәйкесінше есептерді шығару арқылы 
жетеді. Математикалық есептерді шығару барысында оқушылар теорияны 
қолданумен, есептерді шешу әдістерімен және шешімдерімен танысады, жаңа 
математикалық білімді меңгереді және білімін жетілдіреді. Сол себепті 
математикалық есептердің білім беруде құндылығы жоғары болып табылады. 
Демек, математикалық есептер оқушылардың логикалық ойлауын 
дамытумен қатар, математиканың қолданбалы бағыттары бойынша білігі мен 
дағдысын қалыптастыруда үлкен рөлге ие. 
Қазақстанда математикалық білім берудегі есептер теориясына, 
математикалық есептердің функциясына, есептерді шығаруға үйрету іс-әрекеті 
мен дағдысын қалыптастыруға байланысты мәселелер әдіскер-ғалымдар 
А.Е.Әбілқасымова, Т.Ә.Әлдібаева, Б.Баймұханов, Л.Д.Жумалиева және т.б. 
жұмыстарында қарастырылған [79-82]. 
А.Е.Әбілқасымованың «Жалпы білім беретін мектепте математикалық 
есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздері» оқу құралында 
математиканы оқыту процесіндегі есептердің орны, құрылымы мен 
функциялары мен маңыздылығы, классификациясы, есептерді шығаруды 
оқытудың мәселелерін қарастырған. Оқу құралында «математикалық есептер – 
математиканы оқытудың нәтижесі, құралы және пәні болып табылады», - деп 
тұжырымдаған [83, б.5]. 


31 
Б.Баймұханов «Математикалық есеп - математикалық ситуациялық 
мәселелер болып табылады, бұл мәселелердің шешімін табу дегеніміз 
математикадағы зандылықтар, ережелер мен әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, 
негізгі мақсатқа жету», - деп пайымдаған [81, б.10]. 
А.Е.Әбілқасымованың еңбектерінде математикалық есептерді шығаруға 
үйрету арқылы білім беру, тәрбиелеу, дамыту және бақылау міндеттерін 
орындайтындығы қарастырылған. Әрбір есеп өзінің құрылымдық мазмұны 
арқылы тәрбиелік міндетін атқарады [79, б
.
158-159]. 
Оқушылардың, сол сияқты оларды оқыту және тәрбиелеу барысында 
мұғалімдердің шығаратын есептеріне сипаттама беруге А.Нұғысова өзінің 
педагогикалық зерттеулерінде көңіл аударған [84].
Л.Д.Жумалиева өз диссертациялық зерттеуінде математикалық есептердің 
құрылымы мен мәселесіне қарай оларды жіктеудің бірнеше түрлерін 
анықтаған.Ол жұмысында математикалық есептердің құрылымы мен мәселесіне 
қарай классификациясынан басқа да түрлерін, яғни атқаратын функциясына, оқу 
іс-әрекеттеріне, қойылған мәселеге, шарты мен талабына, қарастырылатын 
нысандардың саны мен сипатына, теорияға, білім мазмұнына, ойлау деңгейіне, 
шығару тәсілдеріне, тілдің ерекшелігіне байланысты жіктеп көрсеткен [82, б.23]. 
Қазіргі таңда математикалық есептердің классификациясы бойынша 
қойылған мәселенің шамасы мен тілдің ерекшелігіне байланысты есептердің кең 
таралған түрі мәтінді есептер болып табылады.
Математиканы оқытуда мәтінді есептерді шығаруға үйрету мәселесі 
бойынша шетелдік ғалымдар В.А.Далингер [11, б.45], Л.В.Шелехова [12, б.20], 
Л.М.Фридман [10, б.60], F.K.Lester [85], Х.А.Терешина [86], N.Bukhart [87] және 
қазақстандық ғалымдар А.Е.Әбілқасымова [13, б.60-65], С.М.Сейітов [88], 
А.У.Дәулетқұлова [89] ғылыми жұмыстарында көп көңіл бөлінген. Аталған 
авторлар өз еңбектерінде мәтінді есептерді шешуде мәселенің құрылымын 
зерттеуді, оны шешу кезеңдерін көрсетіп, осы жағдайда қолданылатын әртүрлі 
математикалық есептердің түрлеріне қарай қолданылатын әдістерді келтірді. 
Мәтінді 
есептерді 
шығаруға 
оқып-үйрету 
өмірмен 
байланыстыру, 
математикалық ұғымдарды меңгеру, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды 
орнатуға ықпалы бар дидактикалық және дамытушы құрал деп санады. 
А.Е.Әбілқасымова және Е.А.Тұяқовтың «Жалпы білім беретін мектепте 
математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздері» атты 
кітабында мектеп математика курсында «есеп» ұғымы нақты объектілер 
арасындағы 
сандық 
қатынастарды 
бейнелейтін 
мәтін 
түрінде 
тұжырымдалатындығын атап өтіп, кейбір әдістемелік әдебиеттерде «мәтінді 
есептерді» анықтаудың әртүрлі жолдары болғанымен, математиканы оқыту 
әдістемесінде бүгінгі күнге дейін осы ұғымның нақты дұрыс анықтамасы жоқ 
екендігін айтты [83, б.224]. 
Кейбір математикалық әдістемелік әдебиеттерде мәтінді есептерді 
«мазмұнды есептер» және «мәселе есептер» деген атаумен де кездестіреміз. 
Соңғы кезеңдерде «мәтінді есептер» термині математиканы оқыту бойынша 
әдістемелік әдебиеттерде жиі кездеседі. Математиканы оқыту әдістемесінде 
мәтінді есептерге әр зерттеуші өзіндік анықтама берген. 


32 
Л.М.Фридман пікірінше «мектеп математика курсындағы мәтінді есептер-
бұл оқушылардың қандайда бір белгісіз шаманың мәндерін табуда қажет ететін 
есептердің жиынтығы», - деп түсіндіреді [10, б.87]. 
А.В.Шевкин [90] мәтінді есептердің математикадағы рөлін былайша 
анықтайды: 
1. Мәтінді есептер – математиканы оқытудың маңызды құралдарының бірі. 
Мәтінді есептерді шығаруға үйрету барысында оқушылар шамалар арасындағы 
байланыстарды біледі, олармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтайды, 
практикалық есептерді шешеді. 
2. Мәтінді есептерді шығарудың арифметикалық әдісін қолдану арқылы, 
оқушылардың тапқырлығы мен есепті табиғи тілде сөйлеу мүмкіндігі дамиды. 
3. Мәтінді есептерді шешудің арифметикалық әдістері маңызды жалпы 
білім беру дағдыларын тұжырымдауға және дамытуға мүмкіндік береді, мысалы: 
проблемалық жағдайларды талдау, шешімнің жоспарын құру (белгілі және 
белгісіз шамалардың байланысын ескере отырып), нәтижелерді түсіндіру, 
мәселенің шарты бойынша іс-әрекеттер, шешімнің дұрыстығын әртүрлі 
тәсілдермен тексеру. 
Мәтінді есептер белгілі бір жағдаятқа сандық сипаттама беру арқылы оның 
құраушы компоненттері арасындағы қатынасты табиғи тілмен сипаттайды. 
Е.С.Березанская жұмысында «мәтінді есептерді қандайда бір жағдаят мәтін 
арқылы берілген және осы жағдаяттың құраушылары арасындағы қатынастарды 
орнатып сандық сипаттамасын беру талап етілген, ізделінді шаманы табу үшін 
бірнеше амалдар орындалатын есептер», - деп тұжырымдайды [91]. 
Дамыған елдердің ғалымдарының зерттеулеріне талдаулар жасасақ, оларда 
мәтінді есептерді сөз есептері, яғни «word problems» деген терминді қолданып 
оқытады екен. 
L.Verschaffel 
және 
басқалары«сөз 
есептері 
күнделікті 
өмірдегі 
ақпараттардың математикалық белгілермен емес, табиғи қарапайым тілде 
баяндау түрінде берілетін есептер», - деп қарастырады [92]. 
F.K.Lester пікірінше, «сөз есептер бірнеше проблемалық жағдайлардың 
шешімін математикалық амалдар арқылы табу», - деп тұжырымдады [85, б.120]. 
Т.Ә.Әлдібаева «мәтінді есеп – өмірде кездесетін нақты бір жағдайдың 
(проблемалық жағдайдың) қандайда бір табиғи тілде сипатталуы», - деп 
түсіндіреді [80, б.75]. 
Кейбір әдіскер-ғалымдар мәтінді есептерді есептерді «арифметикалық 
есептер» деп те атайды. Математиканы оқыту әдістемесінде мәтінді есептердің 
анықтамасы былайша тұжырымдалған: «Мәтінді есеп деп кіріспесінде тек қана 
математикалық берілгендер ғана емес, есептің сюжеті «фабуласы» бар есептерді 
айтады». Расында да, «математикалық есептер» ұғымы қандайда бір танымдық 
әрекетті іске асыруды талап ететін жаттығуға немесе тапсырмаға қатысты 
айтыла береді [91, с.395]. 
Л.Д.Жумалиеваның зерттеу жұмысында «алгебра курсындағы мәтінді 
есептер – математикалық мәліметтерді, қандай да бір ақпаратты қамтитын 
математикалық есептер», «мәтінді есептердің мазмұнында геометриялық немесе 
физикалық объектілер, математикалық немесе физикалық процестер сипатталуы 


33 
мүмкін. Оларды біз сәйкесінше геометриялық немесе физикалық есеп деп 
аламыз», - деп тұжырымдаған [82. б.66]. 
Зерттеу жұмыстарын, ғылыми-әдістемелік еңбектерді және қолданыста 
жүрген оқу әдебиеттерін талдай келе, біз мектеп математика курсындағы мәтінді 
есептердің классификациясын айқындадық, яғни мәтінді есептермәселенің 
шамасына, мазмұны мен тілдің ерекшелігіне байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет