39
білімнің практикалық күшін, математика сабағында алған білімдерін күнделікті
және практикалық мәселелерді шешуде өмірде қолдану мүмкіндіктерін ашады.
Осы есептердің әсерінен оқу қызметі, тіпті үлгерімі төмен оқушылар үшін де
нәтижелі болады. Мектеп оқулықтарындағы кейбір
есептерді практикалық
мазмұнды тапсырмаларға жатқызуға болады. Дегенмен, жалпы білім беретін
мектептің математика пәніне қатысты оқулықтарда қолданбалы есептер аз
қамтылған, сондықтан оқулықта ұсынылған жаттығулар жүйесімен шектеліп
қалмай, мұғалім ғылыми әдебиеттердегі шынайы практикалық маңызы бар
есептермен толықтыру қажет. Сабақта алған білімдерін
өмір құбылыстарында
қолдану мысалдарын табуға мектеп оқушыларын тартудың маңызы зор.
Математиканы оқытуда мәтінді есептер арқылы оқушылардың
математиканың сабақтас пәндермен байланысы туралы хабардар болуына,
олардың білімдерін жетілдіруге әсер ететін
пәнаралық сипаттағы (физикалық
мазмұнды, химиялық мазмұнды, қаржылық-экономикалық мазмұнды және т.б.)
есептер
болады.
Зерттеушілердің көпшілігі (И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, А.В.Усова,
Л.С.Каинбаева және тағы басқалары) пәнаралық сипаттағы есептерді пәнаралық
байланысты жүзеге асырудың жетекші құралы ретінде көрсетеді [105].
Пәнаралық сипаттағы есептер
деп біз сабақтас пәндерден білімдерін
ескеруді немесе пайдалануды талап ететін есептер немесе бір оқу пәнінің
материалы негізінде басқа пәндерді оқытуда белгілі бір дидактикалық мақсатқа
жету үшін құрастырылған есептерді түсінеміз.
Пәнаралық сипаттағы есептер қатарына математиканы оқытуда пәнаралық
байланысты жүзеге
асырудағы физикалық мазмұнды, химиялық мазмұнды,
қаржылық-экономикалық мазмұнды және т.б. есептер жатады. Мұндай
есептердің мазмұнындағы әрбір құбылысты, процесті математикалық
аппараттың көмегімен зерттеу жүргізу математикалық модельдеу арқылы жүзеге
асырылады.
Математикалық
модельдеуді
оқушылардың
математикалық
сауаттылықтарын арттыру құралы ретінде қолдана алулары,
олардың нақты
білімді және дағдыларды игеру процесіне кедергі келтірмейді, керісінше оларды
жүйелей және нақтылай алуларына жағдай жасайды. Математикалық есептерді
шешу барысында болжау, нәтижені алдын ала есептеп, ең түсініксіз жағдайда да
дұрыс жолдарды іздеу қабілеті дамиды.
Демек, математиканы оқытуда пәнаралық сипаттағы есептерді шығаруға
үйретудің маңыздылығы мектеп математика курсы бойынша қолданбалы
сипаттағы бөлімдерге берілген практикалық есептерді ғана шығарып қана
қоймай, оқушылардың математиканың басқа ғылымдармен сабақтастық
байланысын түсіне және математикалық білімнің өндіріс, техника,
экономика,
халықшаруашылығындағы маңызы туралы нақты, саналы түсініктерді
қалыптастыра әрі оны өмірлік тәжірибеде қолдана білуінде болады.
Сондықтан әр сабақта оқушыларға пәнаралық сипаттағы есептерді шығару
ұсынылуы керек. Осындай есептерді шығару арқылы оқушылардың пәнге деген
қызығушылығы мен белсенділігі артады, математикалық дағдылары
қалыптасады. Сонымен, математиканы оқыту процесінде пәнаралық сипаттағы
40
есептер басты орынды алады деген қорытынды жасай отырып, олардың ішінде
өмірде қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің рөлі де үлкен екендігін
байқауға болады. Оларды әртүрлі дидактикалық мақсатта қолдануға болады:
ынталандыруға, математиканың экономикамен байланысын түсіндіруге,
оқушылардың логикалық ойлауын, есте
сақтауын және зейінін дамытуға,
қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етеді [106].
Достарыңызбен бөлісу: