Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

сюжеттік, 
контекстік (тәжірибелік-бағдарлы),қолданбалы (практикалық мазмұнды), 
пәнаралық сипаттағы (физикалық мазмұнды, химиялық мазмұнды, қаржылық-
экономикалық мазмұнды және т.б.) 
есептерге бөлінеді (1-сурет). 
Әдістемелік еңбектерде мәтінді есептер (есептің шарты мен талабы хабарлы 
және сұраулы сөйлемдерден байланысқан мәтіннен тұрады) ішінен 
сюжеттік 
есептер
(мәтінде нақты обьектілер, процестер, байланыстар және қатыстар орын 
алған) ажыратылып көрсетіледі [11.б.67, 93]. 
Сюжеттік 
есептер математиканы оқытуда маңызды рөл атқарады және 
мұндай есептерді шығаруда модельдеу, яғни нақты процестерді математика 
тілінде сипаттау арқылы жүзеге асырылады. 
Сюжеттік есептерге Л.М.Фридман былайша анықтама береді: «С
южеттік 
есептер 
– сандық сипаттамалары немесе мәндерін табу барысында қандайда бір 
өмірдегі сюжеттің (құбылыс, оқиға, процесс) баяндалуы». Мұндай есептер 
мәтінді, практикалық, аналитикалық, арифметикалық және т.б. атаулармен 
берілуі мүмкін екендігін атап өтті [94, б.47]. 
Сюжеттік есептерде нақты процестердің ішінен: қозғалыс, жұмыс, түрлі 
қоспалар немесе ерітінді (концентрация), құйма алу, заттарды алмастыру және 
басқа ұқсас әрекеттер көрсетіледі. Сондықтан пайызға, сандық байланыстарға, 
қозғалысқа, жұмысқа және еңбек өнімділігіне, қоспаға немесе ерітіндіге, құймаға 
және концентрацияға, айырымдық және еселік қатыстарға берілген сюжеттік 
есептердің түрлерін бөліп көрсетуге болады. 
PISA және TIMSS халықаралық зерттеулерінде оқушылардың білімін 
бағалау үшін деңгейлік есептердің екі типі – таза математикалық және контекстік 
(тәжірибелік-бағдарлы) есептер пайдаланылады. 


34 
Сурет 1 – Мектеп математика курсындағы мәтінді есептердің классификациясы 
Егер есепте қарастырылатын объектілер белгілі бір оқу материалына 
қатысты математикалық ұғымдар мен түсініктерден тұрса, ол таза 
математикалық есеп болады, ал егер есепте қарастырылатын объекті шынайы 
өмірмен байланысты болса, онда ол контекстік есеп болады. 
Контекстік есептер
деп математикалық әдістердің қоршаған әлемді танып 
білудегі математиканың рөлін түсіндіру, күнделікті өмірдегі жағдаяттарды 
шешуде қажеттілігі мен қолданылуын көрсетуге бағытталған тапсырмалар 
тобын айтады. Есептерді шешуде математиканы тиімді пайдалану үшін мәтіні 
шынайы шарттарды қамтамасыз ететін, оның шешуіне және түсіндіруіне әсер 
ететін есептер 
контекстік 
есептерге жатады. Контекстік есептің құрамында 
есептің шарты және талабы бірнеше ашық және жабық түрдегі сұрақтар мен 
тапсырмалардан тұрады, ол оқушылардың білім мен дағды деңгейін анықтап, 
академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға (өмірлік 
дағдылар) үйретеді [95]. 
Контекстік есептер оқушылардың логикалық, кеңістіктік ойлауын дамытып 
қана қоймай, математикалық модельдеу мен тілді қалыптастыруға – сауатты 
сөйлеуге, жазуға, білімді түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау дағдыларын 
үйретуге, функционалдық сауаттылығын дамытуға септігін тигізеді. 
PISA халықаралық зерттеуіндегі және ұлттық бірыңғай тестілеудегі (ҰБТ) 
контекстік тапсырмалар оқу танымдық мәтінінде беріліп, мәтін, кесте, 
Сюжеттік 
есептер 
Мәтінді есептер 
Контекстік 
есептер 
Пәнаралық сипаттағы 
есептер 
Қолданбалы 
есептер 
Пайызға, сандық 
байланыстарға, 
қозғалысқа, 
жұмысқа және 
еңбек 
өнімділігіне, 
қоспаға немесе 
ерітіндіге, 
құймаға және 
концентрацияға, 
айырымдық және 
еселік қатыстарға 
берілген есептер 
PISA зерттеуіндегі және 
ҰБТ-дағы оқу танымдық 
тапсырмалар; мәтін, 
кесте, диаграмма, 
графика, карта, сызбалар 
және әртүрлі 
нұсқаулықтарда 
берілген, есептің шарты 
және талабы бірнеше 
ашық және жабық 
түрдегі сұрақтар мен 
тапсырмалардан тұратын 
есептер 
Математикалық мазмұны 
сабақтас пәндермен ұштасып, 
еңбек іс-әрекеттерін 
орындаумен, тұрмыс, қызмет 
көрсету саласы, заманауи 
өндірістің технологиясы мен 
экономикасы, ұйымдар, 
құрылыстар, ғимараттар мен 
байланысқан және шынайы 
өлшемдері мен 
тұжырымдалған практикалық 
мазмұнды есептер 
Сабақтас пәндерден білімдерін ескеруді немесе пайдалануды талап ететін физикалық 
мазмұнды, химиялық мазмұнды, қаржылық-экономикалық мазмұнды және т.б. есептер 


35 
диаграмма, графика, карта, сызбалар және әртүрлі нұсқаулықтардан тұрады.
Контекстік (ситуациялық) тапсырмалар – білім алушылардың жағдаяттарды 
талдау біліктерін айқындауға, осы жағдаятта өзінің стратегиясын ашып, 
негіздеуге, оның шешімін табудың тиімді нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік 
беретін тапсырмалар. Олар оқушының меңгерген математикалық академиялық 
білімін өлшемейді, олар оқушылардың білім мен дағды деңгейін анықтап, 
академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуін (өмірлік 
дағдылар) тексереді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар математикадан 
алған базалық білімдерін қарапайым жағдайда пайдалана білуді ұсынады. 
Математиканың қолданбалы бағыты шынайы өмірдегі кездесетін 
проблемаларды сипаттайтын математикалық тілде берілген есептер. Мұндай 
есептерді шешуде оқушылардың математикалық алған теориялық білімдерін 
өмірмен ұштастыра отырып қолдануға көмектеседі. Есептер шығару арқылы 
оқушылардың кәсіби іс-әрекеттік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. 
Сонымен қатар, қолданбалы есептерді шығару арқылы есептің мазмұнына сай 
алынған шешімі бойынша оқушының өмірлік мәселелердің шешімін табуда 
ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін қалыптастыруда басты құрал болып 
табылады. 
Адамның күнделікті өмірлерінде белгілі бір өнімдер мен тауарларға деген 
қажеттіліктің туындауы бұл өмір сүрудің негізі болып табылады. Алайда, осы 
қажеттілікті қанағаттандыру үшін оған ұмтылып, еңбектену керек. Ал осы 
еңбектің нәтижесіне қол жеткізу үшін, мектепте оқытылатын әртүрлі пәндерден 
жинақтаған білімді тәжірибемен, өмірмен үйлестіре отырып жүзеге асыру қажет. 
Мәселен, Архимед өз дәуірінде математиканың қолданбалы бағытын 
эллипстің ауданын табу арқылы жүзеге асырды. Ол пропорция мен 
фигуралардың ұқсастығы негізінде эллипспен шектелген ауданды шеңбердің 
ауданын табу формуласын қолдану арқылы анықтады: 
2
,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет