94
Орта мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылыққа қажетті іскерліктер
мен дағдыларды қалыптастыру мәселелерін математика
сабақтарында есеп
шығару жолы арқылы жүзеге асыруға болады.
Математика мен компьютерлік технологияның ақылға қонымды
интеграциясы мәселені шешу процесіне, математикалық заңдылықтарды түсіну
курсына бай және тереңірек қарауға мүмкіндік береді. Компьютер оқушылардың
графикалық, математикалық және психикалық мәдениетін қалыптастыруға
көмектеседі. Сондықтан математика сабақтарында оқушылардың зерттеушілік
қабілеттерін тереңдету мен оқушылардың ынтасын күшейту мақсатында
ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндігін
кеңірек пайдалану
қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар математиканы оқытуда
ақпapaттық-
кoммyникaциялық тexнoлoгиялapды(AКТ)
қолдану оқу материалын түсіндірудің
тиімділігін арттырудың қуатты
құралдарының бірі
болып табылады.
Қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шешуде компьютерлік
программаларды қолдануға болады. Олардың ішінде, экономикалық
мәліметтерді өңдеуде Microsoft Offisе жүйесіндегі
Excel электронды кестесін,
қаржылық есептерді шешудің онлайн депозитті есептеу және несиені есептеу
калькуляторларын қолдану тиімдірек болады [74, б.74, 115, б.175, 157].
Достарыңызбен бөлісу: