11-мысал.
Салымшы банкке 130000 тг қаржысын 2 жыл мерзімге жай
пайыздық есептеу бойынша 11 % мөлшерлемемен салды. Егерде осы банктен
ашылған есептік шотты жапқанда қандай сомманы алады?
Шешуі.
Excel электронды кестесіне S
0
=130000, p=11%, n=2 мәндерін
бағандарға теріп,
0
(1
)
100
n
pm
S
S
=
+
пайдаланып есепті шығарамыз (сурет 10).
Сурет 10 - Қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді Excel
электронды кестесінде шығару
Дәл осы тапсырманы орындау барысында М.Әбенова атындағы жалпы орта
мектептің
қабілетті
оқушысы
іздену
жұмыстарын
жасап,
https://prodengi.kz/services/deposit-calculator
сайтының
көмегімен
есепті
шығарып, Microsoft Offisе жүйесіндегі Excel электронды кестесіндегі шыққан
мәндерді салыстырды (сурет 11).
95
Сурет 11 - Қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді онлайн сервистердің
көмегімен шығару
Математика сабақтарындағы LearningApps ресурстары оқушылардың
әмбебап оқу әрекеттерін әртараптандыру және мақсатты түрде қалыптастыру
және әрбір оқушыны танымдық, шығармашылық әрекеттерге қосу арқылы
жоспарланған нәтижелерге тиімдірек қол жеткізу. Мұғалімдер сабақтың кез
келген кезеңінде, өз бетінше немесе топтық жұмыста, сабақ барысында және
сабақтан тыс уақытта пайдалану үшін ресурс ұсынады.
6-сыныпта «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбын оқыту
барысында мәтінді есептерді шығаруға үйретуде тақырыпты ашу, оқушыны
қызықтыру үшін осы LearningApps ресурстарын пайдаландық.
LearningApps –
интерактивті оқытудың бір түрі. LearningApps.org
платформасы оқушыларға сілтеме беріледі
https://learningapps.org/view17266072
,
оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның
көмегімен ұйымдастыра алады және оқу үдерісіне келесі мүмкіндіктерді береді:
-
оқушы математикадан алған білімін жүйелейді;
-
тапсырмаларды орындауда тез шешім қабылдауға мүмкіндік алады;
-
оқушы жақсы нәтижеге жету үшін тапсырманы бірнеше рет орындай
алады;
-
берілген тапсырмаларды орындау барысында жалпы оқуға деген
мотивация пайда болады;
-
тапсырманы орындау арқылы кері байланыс алады, өзін-өзі бағалайды.
Біз сабағымызда LearningApps.org платформасын пайдаланып, тақырыпқа
сай интерактивті түрде «Математикалық пазл» құрастыруды тапсырма ретінде
бердік (сурет 12).
96
Сурет 12 - LearningApps.org платформасын пайдалану
Есептің жауабын дұрыс сәйкестендіру арқылы пазлды дұрыс құрастыру
қажет. Дұрыс шешімді табу арқылы дұрыс математикалық пазл құралады
нәтижесінде қызықты сурет шығады (сурет 13).
Сурет 13 - LearningApps.org платформасында интерактивті түрде берілген
есепті шығару
Сонымен қатар, оқушылардың қаржылық-экономикалық мазмұнды
есептерді шығаруға үйрету мақсатында оқушылардың игерген білімдерін
бақылау, тексеру арқылы кері байланыс жасауда қазіргі таңда мобильды
қосымшаларды қолдану тиімді. Соның бірі Google форма сервисы.
Бұл сервистің көмегімен сабақ тақырыбына сай берілген тапсырмалардың
дұрыс жауабын табуды қамтитын тест сұрақтары беріледі. Бұл дағдыны дамыту
үшін мұғалім мәтінді есептер дайындаймыз. Google формасына енгізіп,
электрондық
журнал
арқылы
оқушыларға
сілтеме
https://forms.gle/tYxEYFcPperiGhWX9
жібереді. Оқушылар сілтеме бойынша
тіркеліп, өздері тест жұмысын жасайды (сурет 14).
97
Сурет 14 -
Google форма сервисін тесттер орындау арқылы кері байланыс жасау
Аяқталғаннан кейін оқушы экранда жұмыстың нәтижесін көреді. Мұғалімге
әр оқушының қай есепте қателік жіберілгені туралы сервисте жеке есебі беріліп
тұрады. Мұғалім жауаптарды талдап, қателер жиі кездесетін тақырыптарды
анықтап, келесі сабақта соларға назар аудара алады.
А.Ю.Лазебникова оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастырмас
бұрын мұғалімнің қаржылық білімін тереңдету, қаржылық ұғымдарды меңгеру,
қаржылық құбылыстар мен процесстердің өзара қатынасын түсіну бойынша
біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлген. Ал біліктілігі жоғары мұғалімдер
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқу мақсаттарына
сай материалдарды жинақтау, практикалық мазмұнды мәтінді есептерді
шығаруда экономикалық ұғымдардың мағынасын ашу арқылы математикалық
білімді дамыту және олардың қызығушылықтарын рольдік және іскерлік
ойындар, проблемалық жағдайлар тудыру, мидың шабуылы және белсенді
әдістерді әрбір сабаққа қолдану арқылы арттырудың маңыздылығына тоқталды
[66, б.28].
5-сыныпта математикапәнінен «
Мәтінді есептерді шығару»
тақырыбы
бойынша сабақты өткізу барысын қарастырайық.
Бұл
тақырыпты оқу барысында оқушылар оқу бағдарламасына сәйкес
«
5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару» атты оқу мақсаттарына
қол жеткізеді. Сабақтың негізгі мақсатында оқушылар
берілген санның пайызын
табу ережесін және пайызы бойынша санды табу ережелерін біледі, ал олардың
көпшілігі ережелерді қолданып, мәтінді есептерді шығара алады, өздігінен
ізденімпас оқушылар өмірде кездесетін есептерде өз көзқарасын ұтымды түрде
дәлелдей және тұжырымдай алады, өз жұмысын жақсарту жолдарын іздестіреді
.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды топқа бөлу жұмыстары
жүргізіледі. Топқа бөлу төмендегі 13-кесте түрінде беріліп, кестеде өзіне ұнаған
санды алып, сол бойынша топтар жасақталады.
«Дұрыс бөлшектер», «Бұрыс
бөлшектер», «Ондық бөлшектер», «Аралас сандар», «Бүтін сандар», «Пайыздар»
98
деп аталатын топтар 5 адамнан тұратын 6 топ пайда болады. «Сандар» кесте
түрінде берілген.
Кесте 16 – Сыныпты топқа бөлуге арналған сандар
Сабақтың
тақырыбын
өзектендіру
барысында
оқушылардың
қызығушылығын ояту мақсатында суреттер арқылы «Мидың шабуылы» әдісін
пайдаланамыз.
15-суреттегі көрініс туралы оқушылармен төмендегіше диалог жүргіземіз:
-
бұл суретті күнделікті өмірімізде қайда кездестірдіңіздер және қандай
тұжырымдамамен байланысты деп ойлайсыздар?
-
үлкен сатылым күндері тауарлар үшін сатушылар бізге не береді?
Көрсетілген 15-сурет негізінде өзара топ ішінде ұжымдық талқылау
жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен
таныстырып, сонымен қатар сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді. Ал
оқушылардың жауаптарына қарай «Жеңілдік ұғымы қандай математикалық
терминмен байланысты?» екендігін туралы сұрақтар қойылады.
Сурет 15 - Жеңілдік ұғымын түсіндіру
99
Тақырыпты түсіндіру мақсатында «Кім жылдам» ойыны арқылы әр топтың
үстелінде тапсырма жазылған карталар қойылады (1-ші, 3-ші, 5-ші топтар –
санның пайызын табу үшін №1 тапсырма, 2-ші, 4-ші, 6 – шы топтар-пайызы
бойынша санды табу үшін №2 тапсырма).
1-тапсырма
. 4000 теңгеден 35% жеңілдікті табыңыз.
2-тапсырма
. Егер тауарға 15% жеңілдік 930 теңгені құраса, тауардың
бағасын табыңдар.
20 секунд ішінде оқушылар тапсырманы талдайды, оны шешу үшін топта өз
пікірлерімен алмасады. Өз пікірлерімен бөліскен оқушылар «Бас бармақ» әдісі
арқылы бағаланады.
Жеңілдікке байланысты есептерді шешуде «Айнымалы бекет әдісі» арқылы
тапсырмаларды орындауда әр топ өздерінің таңдап алған маркердің түстерімен
айналып жүріп тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға тапсырма, тауар, баға
белгілері беріледі. Жобаны орындағаннан кейін тақтада жеңілдікпен тауарлар
көрмесі жасалады:
1) «Ұялы телефон»;
2) «Планшет»;
3) «Құлаққап»;
4) «Ойын тінтуірі»;
5) «МР3 плеер»;
6) «Нетбук».
Есептер:
1) Сатылымда жаңа смартфонға жеңілдік - 25%, бұл 50000 теңгені құрайды.
Смартфонның бастапқы құнын табыңдар.
2) Науқан бойынша сандық камераға жеңілдік - 10%, бұл 5100 тг.
Камераның бастапқы құнын табыңдар.
3) Науқан бойынша сымсыз құлаққаптарға жеңілдік - 20%, бұл 8000 тг.
Құлаққаптардың бастапқы құнын табыңдар.
4) Дүкенде нетбуктерге 5% жеңілдік жарияланды, бұл 15000 тг, нетбуктің
бастапқы құны қандай?
5) Дүкенде MP3 ойнатқыштарына 14% жеңілдік жарияланды, бұл 210 тг,
mp3 ойнатқышының бастапқы құны қандай?
6) Дүкен DS- ойын тінтуіріне 30% жеңілдік жариялады, бұл 1500 тг
құрайды, тінтуірдің бастапқы құны қандай?
Сонымен қатар, пайызға байланысты жеңілдік ұғымын толық түсінгеннен
соң, оқулықтағы тапсырмалармен толықтай жұмыс жасауға болады. Оқулықтағы
тапсырмаларды «қарқын әдісі» арқылы орындауды ұсынамыз. Өйткені кейбір
дарынды оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді, сондықтан
олар үлгерімі төмен,
көмек қажет ететін оқушыларға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |