10-мысал.
Тұтынушы «Sulpak» дүкенінен 128000 теңгеге теледидар
алмақшы болды. Ол теледидар құнының 25 пайызын бірден төлеп, құнының
қалған бөлігін 6 айға 10 пайыздық мөлшерлемемен несие алуды көздеді. Несие
ай сайын қанша төлеммен өтеледі?
Коучинг
– кеңес беру арқылы оқытуды қолдаудың жаңа формасы болып
табылады. Ол рефлексияға негізделеді, әрі ұстаздық ету, психологиялық кеңес
беру, психотерапия аймағындағы алдыңғы қатарлы тәсілдердің бірі.
Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру бойынша «Табысты болу
жолдары» атты коучинг сабағы ұйымдастыру арқылы оқушылар мен
мұғалімдердің қаржылық сауаттылықтарын қалыптасуына септігін тигізетін
қызықты материалдармен коучинг ұйымдастырылды
.
Мектеп оқушыларына математика сабағында қаржылық-экономикалық
мазмұнды есептерді осындай проблемалық негізделген оқыту әдістерін де
қолдану тиімді. Проблемалық сабақ – бұл сабақ түрі оқушылардың
шығармашылық жеке дамуына қалыпты ықпал етеді. Сабақта бір немесе бірнеше
проблемалық жағдай туғызып, оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген
сенімі артып, шығармашылық тұрғыдан дамиды.
Пікірталас –
оқушылардың топқа бөліну арқылы жұмыс жасауда
қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға және қаржылық мәдениетін
дамытуға бағытталғанбелгілі бір тақырыпты талқылау арқылы сабақтың
тиімділігі мен қарқындылығын арттыру әдісі.
Қаржылық білім мен дағдыны қалыптастыруда пікірталас әдісі тиімділігін
көрсеткен әдістердің бірі болды. Мектеп математика сабағында қаржылық
сауаттылықты қалыптастыруда өмірдегі қолданыстағы оқушылар естіп жүрген
термин сөздер арқылы пікір талас ұйымдастырылды. Мысалы:
1) «Пайыз біздің өмірімізде»;
2) «Несие және қоғам»;
3) «Қаржы және білім».
Оқушылар пікір талас барысында пайыз сөзін математикалық есептеулер
арқылы түсініктерін барын жеткізіп, өмірлік тәжірибедегі қолданыстары жайлы
біраз мағлұматтармен қанықты
.
«Несие және қоғам» тақырыбында несие оның түрлеріне тоқталып,
талқылаулар оқушылар үшін қызықты болды. Кейбір оқушылардың пікірінше
несие бұл кез-келген қалауындағы затқа қол жеткізу деп түсінетіндігін байқатты.
Ал кейбір математикалық білімі жоғары, ізденімпаз оқушылар оның өсімі мен
өтеу жолдары туралы пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.
Оқушылардың қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді
шығару арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру үшін тренинг,
коучинг, консалтинг әдістерді қолдануға болады. Бұл әдістер қаржылық
сауаттылықты қалыптастыруда математикалық білімінің жетілуіне, кәсіби
дамуына ықпал етеді [42, б.60]
.
Тренинг
– математикалық білімін қысқа мерзімді өмірлік практикалық
жағдайларда қолдануға бағытталған белсенді оқыту әдістерінің бірі. Тренингтік
91
әдіс білімгерлердің білімділігін психологиялық ахуал тудырған мәселелердің
шешімін жылдам табуға, сонымен қатар сабақ барысында оқушылар
жауапкершілікті сезінуге, ұқыптылыққа үйренеді.
Консалтинг –
білімнің анықталған аймағында кеңес беру. Кеңес беру
барысында мәселелердің пайда болу себептері түсіндіріледі, қазіргі жағдайда
себепкер болып отырған оқиғалар контексінде тұлғалық тәжірибелерді қарау
іске асады, яғни, анықталған сұрақ/мәселе бойынша эксперттік тұрғыда көзқарас
ұсынылады.
Консалтинг дамуды басқару және ұйымдастыру үдерісіндегі мәселелерді
шешуге байланысты иетеллектуальдық қызмет түрі болып табылады.
Консалтинг оқыту әдісі ретінде мұғаліммен оқушының өзіндік жұмысын (ӨЖ)
ұйымдастырудың жетекші әдісі болып табылады. Оған себеп факультативтік
сабақтардың негізгі функциясы оқушыларға кеңес беру, олардың білімін
бақылау болып табылады.
Қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығару барысында
өмірлік мәселелердің шешімін табуда оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын
және олардың өмірге деген көзқарасын дұрыс пікірлермен толықтыруға
эвристикалық әнгімелесу әдісі
арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын
қалыптастыруда тренинг жүргізілді. Осындай әдістерді сабақта пайдалану
барысында консалтинг бойынша әрбір оқушыға зерттеу жұмыстары берілді.
Атап айсақ, несие және оның қолданымы, тұтынушылық кредит және оның
қолданымы, сақтандыру және оның қолданымы және тағы басқадай тақырыптар
беріліп, оқушылардың ізденімпаздық іс әрекеттерінің барысында жүзеге
асырылды.
Эвристикалық әңгімелесу әдісі
арқылы есептердің ерекше шешімдерін және
шығармашылық тәсілдерді іздеу және анықтау мақсатында оқу қызметіне де,
практикалық іс-әрекетке де қатысты пайдалануға болады. Бұл әдіс есептерді
шешу барысында туатын сұрақтардың тізбегіне негізделіп, әрбір есептің
қойылымына байланысты эвристикалық сұрақ іс-әрекеттің жаңа стратегиясын
қалыптастырады, ал бұл өз алдына есептің шешімін соңғы қорытындыға
жақындатады. Нәтижесінде есептер (тапсырмалар) қосалқы есептерге бөлінеді.
Бұл әдісті пайдаланудағы басты ереже: мұғалім оқушыларға дайын білім
бермейді, бірақ оларды сұрақтар қою арқылы, тек қана олардың бар білімдеріне,
сондай-ақ жеке тәжірибесіне сүйеніп жаңа тұжырымдарға, ережелерге әкеледі.
Эвристикалық әңгімелесу
әдісінің мақсаты – тапсырманы жеңілдететін және
дұрыс жауап алуға мүмкіндік беретін эвристикалық сұрақтарды өздігінен қоюға
және өмірлік тәжірибелік есептерді шығару арқылы шешім қабылдауға
оқушыларды үйрету.
Математиканы
оқытуда
оқушылардың
қаржылық
сауаттылығын
қалыптастыру әдістемесін жасау ұғымдық аппаратты қалыптастыру бойынша
жұмыстарды қамтиды. Бұл, ең алдымен, түсіндірудің дидактикалық негізделген
тәсілін, мектеп математика курсында қалыптасатын негізгі қаржылық-
экономикалық ұғымдарды анықтауды талап етеді. Сонымен қатар, қаржылық-
экономикалық ұғымдарды пәнге қатысты кіріктіру барысында негізгі ережелер
мен анықтамалар ғылыми тұрғыдан баяндалуы тиіс.
92
«Несие және оның түрлері» атты тақырыпта оқушылармен әңгімелесу және
ой қозғау барысында жүргізілген сабақты қарастырайық. Сабақ жаңа
педагогикалық технологиялар түрінде ұйымдастырылып, оқушыларды екі топқа
бөлінді. Джигсо әдісі арқылы тыңдаушыларға топтық жұмысты береді.
Джигсо әдісі
дегеніміз топ мүшелеріне мәтін бөлініп беріледі де белгілі
уақыт ішінде әрбір адам өзіне берілген мәтінді оқып, уақыт аяқталған соң, басқа
ұжымдастарына сол туралы мағлұмат береді. Яғни, аз уақыт ішінде кең ауқымды
мәтінді топтағы мүшелерінің көмегімен аз уақытта түсіну және онымен танысу.
Осы мақсатта бірінші топқа «Тұтынушылық пен ломбардтық несие», ал
екінші топқа «Ипотекалық несие» атты тақырыпшалар бойынша оқушылар
өздері тақырыпқа сай мағлұмат алып, өз кезегінде сол түсінген мәліметтерін
екінші топпен мәлімет алмасады. Ондағы тақырыпқа сай сұрақтар қойылып,
жауаптары алынады. Сонымен қатар, қызығушылықты ояту мақсатында белгісіз
суреттерді тақырыпқа сай сөйлету барысында 15-кестеде көрсетілген сыни
тұрғыдан ойландыратын сұрақтар тақырыптың қыр сырын ашуға жетеледі.
Кесте 15 – Қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға арналған эвристикалық
әңгімелесу әдісі
Мұғалім әрекеті
Оқушының әрекеті
1
2
Сыныпты топтарға бөліну.Топқа атау
беру.
Сынып ақ және қызыл түстер бойынша екі
топқа бөлінді. Бірінші топқа «Diamond» екінші
топқа «Gold» атауларын берді
Тақырыпқа сай тақтаға екі топқа
әртүрлі белгісіз суреттер ілінді.
«Diamond» тобы суретке «Заманауи тұлға
өміріндегі несиелер», екінші «Gold» тобы
«Несие және оның пайдасы мен зияны» деп өз
атауларын берді.
«Diamond» тобының А сурет бойынша жауабы:
1. Кредит дегеніміз өмірде шұғыл ақша қажет
болатын күтпеген жағдайларда адамдардың
сұраныстарын қанағаттандыратын қарыз
беруші. Қазіргі кезде кредиттің түрлері көп
тұтынушылық, автокредит, ипотекалық кредит.
Бұл суреттен түсінгеніміз кредитке үйді,
машинаны, жиһаз және тұрмыстық қажетті
заттарды алуға болатынын және оны алу да,
алмауда адамның өз қолында екендігін айтуға
болады. Ал кредит алған жағдайда оның өсімі
бар екендігін көруге болады. Несие алған кезде
бір күндік қуаныш екендігін, одан соң кез-келген
қайтарушыға өте күрделі мәселе.Оны қазіргі
кезде ата аналарымыздан байқағанымыздай
қайтару барысында өздерінің алған ақшасын
өсіммен қайтарып, одан қалса ол қаражатты
іздеп материалдық және моральдық тұрғыдан
шаршап, көп ойланудың арқасында ми
қызметінің жұмысы нашарлап,
кейбір кезде
қаражат тапшылығынан
93
15-кестенің жалғасы
1
2
Достарыңызбен бөлісу: |