Еркишева жазира сабыровна


Жауабы: 7100 теңге. 2-ші сұрақ



Pdf көрінісі
бет60/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Жауабы:
7100 теңге.
2-ші сұрақ.
50%-қ акцияны зат сатып алуда қалай пайдаланған тиімді? 
Жауабы:
Қалпақты төмен бағамен сатып алу тиімдірек нұсқа және 
қымбатырақ қалпақ үшін жеңілдік қолдану. 
7-есеп.
Жеке кәсіпкер салық органына 2021 жылы алған табысы туралы 
қорытынды декларацияны белгіленген мерзімде тапсырды. Ұсынылған 
декларацияға сәйкес, оның кірісі 7 500 000 теңгені, кәсіпкерлік қызметпен 
байланысты шығыстардың сомасы - 6 300 000 теңгені құрады. 2021 жылы жеке 
кәсіпкер балалар үйіне 520 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. 
Осы декларация бойынша жеке кәсіпкер төлеуге міндетті жеке табыс салығының 
сомасын анықтаңдар. 
Нұсқау: 
көрсетілген әлеуметтік салық шегерімі нақты жүргізілген 
шығыстар сомасында, бірақ салық кезеңінде алынған және салық салуға жататын 
кірістер сомасының 25 пайызынан аспайтын мөлшерде ұсынылады. 
1) Салық базасын анықтаймыз: 
1 7500 000 – 6300 000 = 1 200 00 тг. 
2) Әлеуметтік салық шегерімінің сомасын анықтаймыз: 
1 200 000 × 25% = 300 000 тг. 
3) Әлеуметтік салық шегерімін ескере отырып, салық базасының мөлшерін 
анықтаймыз: 1 200 000-300 000 = 900 000. 
4) Жеке табыс салығының сомасын анықтаңыз: 
900 000 × 13% = 117 000 теңге. 
Жауабы:
Декларация бойынша төлеуге жататын есептелген жеке табыс 
салығының сомасы 117000 теңгені құрайды. 
Бұл есепті шығаруда біз оқушыларға салық ұғымын түсіндіреміз. Біз 
мемлекеттік бюджетте қандай салықтар бар, жиналған қаражат қандай 
қажеттіліктерге жұмсалатындығын түсіндіреміз. Сонымен, оқушыларға жеке 
табыс салығы, ҚҚС (қосылған құн салығы) деген ұғымдарын түсіндіріп, мысалы, 
көлік немесе мүлік салығын не үшін төлеу керек деген сұрақтарды талқылап, 
бастапқы түсініктерді қалыптастырамыз. 
8-есеп. 
Пиццерияда қалындықтары бірдей, бірақ өлшемдері әр түрлі 
пиццалар сатылады. Кішірек пиццаның диаметрі 30 см және кұны 300 тенге, ал 
үлкенірек пиццаның диаметрі 40 см және құны 400 тенге (сурет 27).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет