Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс әдістемесі
Мүсін жасау.
Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балалар бірте-бірте үлкен балшықтан ұсақ кесек балшықтарды үзіп алуды, түзу қимылмен шиыршықтауды, айналма қозғалыстар жасауды игереді. Олар кесектерді жаншуды, ішіне қарай басып енгізуді бейнелердің ұсақ бөліктері мен детальдарын созуды үйренеді. Оларды саусақтармен мүсіндеудің әр алуан тәсілдеріне, стекаларды пайдалануға баулиды, тұтас бөліктен және бөлшектер бойынша мүсін жасауға үйренеді. Мүсін жасау техникасы меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет.
Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Тәрбиеші мүсіндеу бойынша іс-әрекеттер ұйымдастыру кезінде төмендегі нұсқауларды ұстануы қажет:
1.Саз балшық қоюланып, балалардың қолдарына жабыспау үшін оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті басталмас бұрын алдын ала әзірлеп қояды.
2.Дайын саз балшықты полиэтиленді пакетке салып оны дымқыл шүберекпен орап тастау керек.
3.Саз балшықтан мүсіндеу жұмыстары кезінде балалар заттың бір бөлігін екінші бөлікке біріктірулері үшін және пішінді тегістеулері үшін су құйылған орташа тегеш немесе сулы шүберек дайын тұру керек.
4.Мүсіндеу жұмыстары басталмас бұрын үстелге сазбалшық салынған ыдыс пен жалпақ таяқша қойылады. Ол мектепке дейінгі балаларға мүсіндеу үшін сазбалшықты керегінше алуға үйретеді.
5.Сазбалшықпен жұмыс жасау кезінде айналмалы қондырғылар қолданған жөн. Оның үстіне тек затты (халық ойыншығын, кіші көлемді скульптураны) зерттеп көріп қана қоймай оның пішінін бұзбай мүсіндеуге де болады.
6.Мүсіндеу пластмассадан, ағаштан, темірден жасалған арнайы стека таяқшасын қолдану керек. Балалар стекалармен мүсіндеп жасаған бейнені өңдеуді үйренеді. Себебі, мектепке дейінгі балалар заттың сыртқы пішінімен белгілерін (ұзын, қысқа, жуан, жіңішке) көрсете білулері тиіс.
7.Мүсіндеу жұмыстарынан кейін балалар үстелдің үстін дымқыл шүберекпен сүртеді. Тек қолдарын құрғақ шүберекпен сүрткеннен кейін ғана жылы сумен жуады. Мектепке дейінгі балалар тапсырмаларды түсіндіру кезінде-ақ ермексазды қолдарымен уқалай алатындықтарын естен шығармаған жөн. Алайда ермексаздан жасалған бейнені тегістеу көп уақыт алады.
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде мүсіндедің үш түрі қолданылады: заттық, сюжеттік және сәндік мүсіндеу. Мүсіндеудің бұл түрлерін әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Заттық мүсіндеу.
Сурет салудан көрі заттық мүсіндеуде балаға жеке заттарды бейнелеу жеңіл келеді. Заттық мүсіндеуде тәрбиешінің міндеттері:
мүсіндеуде балаларға заттардың орнаған пішінімен олардың өзіндік айқын белгілерін бейнелей білуге үйрету;
қарапайым пропорцияларды көрсете білуге, бейнені бөлшектермен толықтыра білуге, пішіндердің күрделі емес қимыл-қозғалыстарын көрсете білуге үйрету.
пішін бөліктерін бекітудің әртүрлі техникасын қолдана білуін, бөліктерді нық етіп біріктіре алуын қалыптастыру.
Затқа қарап мүсіндеу (тақырыбы «Көкөністер мен жемістер – күз сыйы, «Тостаған») балаларды заттың пішінімен және пропорциясымен таныстырған кезде жүргізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар түрлі пішіндегі және көлемдегі екі үш затты мүсіндей алады.
Пішіндердің мазмұны түсінікті болуы үшін балалар адам мен жануарларды мүсіндеулері тиіс. Мүсіндеуде балаларға күрделі емес қимыл-қозғалыстарды бейнелеу ұсынылады: адамның бейнесінде екі қолын көтергізіп немесе екі аяғын алшайтып қоюды, жануарлардың алдыңғы екі аяғын алдыға көтеруін бейнелеу.
Адамның бейнесін мүсіндеу. Мектепке дейінгі балаларға күрделірек, сондықтан мүсіндеуге кірісу алдында тәрбиеші көшедегі адамдардың серуен кезіндегі балалардың пішіндерін бақылауды ұйымдастырады. Бақылау өткізе отырып, балалардың назарын адамдардың дене бітімінің пішініне, дене мүшелерінің арасындағы пропорциялық байланысқа аудартады. Ересек адаммен бланың дене бітімін салыстыруды ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің басында тәрбиеші балаларға заттың ерекшеліктерін естеріне түсіріп, оны бейнелеу тәсілдерін ойластыруды тапсырады. Балалардың мүсіндеу кезінде заттың барлық қыры бірдей етіп орындалуы үшін керектігін білдіріп, заттың барлық жанынан зерттеп қарайды.
Затты айналмалы қондырғыға биік етіп қойып көрсету жөн. Осылайша бала заттың барлық қарама-қарсы жақтарын көре алады. Осыдан кейін затты бастапқы қалыпқа қояды. Осы кезеңде мектепке дейінгі балалар заттың құрылымы мен пішінін талдауға қабілетті. Тәрбиеші пішінге нұсқап балаларға ол туралы айтады. Оның өзіндік ерекшеліктері туралы сипаттауларын ұсынады. Балалар жауап беруге қиналса тәрбиеші өзі түсінідіріп айтып береді.
Балалар бақылау кезіндегі көру бейнесіне сүйеніп, мүсіндеу жұмыстарын атқарады. Осы кезде тәрбиешінің міндеті – баланың ойында жатқанды сезініп, түсініп сол ойды жүзеге асыру үшін керегінше көркем көрсету. Мүсіндеу тәсілдерін сәтсіз таңдаған балаларға өзге де ыңғайлы бөлшекті жапсыру тәсілдер – созу, шымшып созу, рельефті мүсіндеу қолдануға үйрету;
туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Ермексаз – жұмсақ, илеуге, созуға қолайлы зат. Сондықтан ермексазбен түрлі көлемдегі заттарды жасауға болады.Ертеде ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, ағаш және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы – тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған.
Достарыңызбен бөлісу: |