Ойын жаттығулар
Ерте жас тобы балаларының сенсорлық сезім мүшелерін , танымын ойын-жаттығулар арқылы дамыту 1.Тақырыбы: «Ілгекті жолдар» (көру сезімі)
Мақсаты: Уақ маториканы дамыту.
Ілгектердің көлемін, түсін ажыратуға үйрету. Бірдей түсті ілгектерді табуға олардан жол жасай білуге дағдыландыру.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсіндіру,
Қажетті құралдар: Ақ қағаз, ілгектер
Жүру барысы: Үстел үстіне түрлі ілгектерді қою. Балалар ілгектерді қолмен ұстап көздерімен көріп, ілгектерді көлеміне түсіне қарай топтастырады. Жиналған бірдей ілгектерден ақ қағаз бетіне жол жасату.
2. Тақырыбы: «Ғажайып қораптар» ( көру,сипап сезу)
Мақсаты: Балаларды пішіндермен және олардың атауларымен таныстыру. Пішіндерді өз орнына орналастыра білуге тәрбиелеу. Қол қимылдарын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, өз бетінше әрекет ету. Қайталату.
Қажетті құралдар: Сенсорлық дамытушы ойыншықтар.
Жүру барысы: Балаларды ойыншықпен таныстыру. Балалар пішіндерді алады, оның түсін,пішінін айтады. Оны өз ұяшығына орналастырады.
3. Тақырыбы: «Қысқыштар» ойыны ( көру сезімі)
Мақсаты: Балаларды түрлі-түсті қысытырғыштардың түстерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, топтастыру.
Қажетті құралдар: Ағаш қысқыштар, шеткі жиегі қалың емес ағаш себеттер немесе қатты қағаздан жасалған бейнелер.
Әдіс- тәсілі: Көрсету, қайталату. Өз бетінше әрекет ету.
Жүру барысы:Мысалы: Күн бейнесін жасап, шуағын жасайық деп алуға болады. Себеттің жақтауларына киім қысуға арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.
4. Тақырыбы: Мынау қай пішін?» (сипап сезу) Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 3-4 – түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
5. Тақырыбы: «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» (көру сезімі) Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
6. Тақырыбы: «Жемістер мен Көкөністер»ойыны
Мақсаты: Балаларға жемістерді жеу арқылы,қандай жеміс екенін ажырата білуге үйрету.(Дәм сезу) Көрнекілік: Алма, алмұрт,банан,қияр, қызанақ т.б
Барысы: жемістермен көкеністерді турап, балалардың көзін байлап немесе жұмып жегізу.
7. Тақырыбы: «Жануарлар дыбысы» ( есту сезімі)
Мақсаты: балаларға жануарлар дыбысын естіртіп, қандай жануар екенін анықтау.
Көрнекілік: дыбыстық бейне,
Барысы: жеке балармен дыбыстарды үзіліс жасап қою арқылы, қандай жануардың дыбысы екенін табу.
8. Тақырыбы: « Гүл және жемістер » ойыны (иіс сезу) Мақсаты: балаларға иіскеу арқылы, қандай зат екенін табу.
Барысы: Гүлді немесе жемістер түрін иіскеу арқылы қандай зат екенін табу.
9. Тақырыбы: « Дәнді дақылдар» ойыны Мақсаты: Дәнді дақылдарды көрсету арқылы және сипап сезу арқылы дамыту. Барысы: Көзді жұмып әр түрлі ыдыста салынған дәнді дақылдарды сипау арқылы атауын атау. 10. Тақырыбы: «Ыстық және суық»ойыны Мақсаты: Балаларға ыстық және суық заттардың суретін немесе заттарды көрсете отырып, көру,сипап сезу,дәм сезу мүшелерін дамыту. Барысы: Стаканға құйылған ыстық суды сыртын қолымен ұстау немесе балмұздақ жалату т.б заттарды арқылы ойнау.
11. Тақырыбы: «Ащы және тәтті» ойыны Мақсаты: Балаларға жеміс-жидектердің, көкеністердің дәмін ажыра білуге үйрету.
Барысы: Жеміс-жидек, көкеніс түрлері немесе суреттерін көрсете отырып, мынау ащы ма ? тәтті ме ? деп сұрау. Баларалармен жеке немесе топпен өткізу.
12. Тақырыбы: «Моншақтар тізбегі » ойыны Мақсаты: Балаларға түрлі-түсті моншақты жіпке түзу арқылы көру,сезу мүшелерін дамыту.
Барысы: Жіпке мына моншақтарды тізіп шығамыз. Кім-қалай әдемі жасайды екен?