5 жастан жоғары балалар – 1200 мкг (12 басу). Осыдан кейін емдік әсерді бағалау және баланың жай-күйі жақсарғанға дейін ингаляцияны қайталау. Күрделі жағдайларда қысқа уақыт аралығы ішінде бір сағатта бірнеше рет ингалятордың басына 6 немесе 12 басу жасауға болады. Әсер болмаған жағдайда стационарға жолдау. Спейсерді 750 мл сыйымдылықты минералды судың пластик бөтелкесінен жасауға болады. Сальбутамол ингаляциясы небулайзер арқылы – 0,5% сальбутамол ерітіндісі 0,5 мл және 2 мл стерильді физиологиялық ерітіндіні небулайзер сыйымдылығына құю және барлық сұйықтық шығындалғанға дейін ингаляция жүргізіңіз, 20 минуттық интервалмен үш цикл. Әрбір ингаляциядан кейін жай-күйді бақылау: ТҚЖ, демікпелік тыныс алу, кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы. Әрі қарай сальбутамолмен ингаляция күніне үш рет 5 күн ішінде.
ЖРВИ және жіті бронхит, ларинготрахеитпен ауыратын балаларға антибиотиктерді тағайындамау қажет, олар тек бактериялық инфекцияларды емдеген жағдайда ғана тиімді. Жөтелді басатын дәрілік заттарды тағайындамау қажет. Құрамында атропин, кодеин және оның туындылары немесе спирт болатын дәрілік заттарды тағайындамау қажет (баланың денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін). Құрамында аспирин болатын препараттарды пайдаланбау.
· Инфузиялық терапия тек ЖРВИ ауыр түрімен ауыратындарға ғана көрсетілген (инфузия көлемі – тәулігіне дене массасына 30-50 мл/кг дейін).