- ибупрофен 5-10 мг/кг дозасында тәулігіне 3 реттен артық емес ауыз арқылы.
· дезинтоксикациялық терапия мақсатында төмендегі ерітінділермен 30-50 мл/кг есебінен тамыр ішілік инфузия:
- 5% немесе 10% декстрозалар (10-15 мл/кг);
- 0,9% натрий хлориді (10-15 мл/кг);
· 2 дәрежелі көмей стенозында:
- будесонид бастапқы доза 2 мг ингаляциялық небулайзер арқылы немесе 1 мг әрбір 30 мин сайын екі рет көмей стенозын тоқтату үшін. Жай-күй жақсарғанға дейін доза әрбір 12 сағат сайын қайталана алады;
- дексаметазон 0,6мг/кг немесе преднизолон 2-5мг/кг б/і.
· 2 дәрежелі көмей стенозында РҚТБ емдеуге жатқызу.
- будесонид 2 мг бір ретті, немесе 1 мг 30 мин сайын. Жай-күй жақсарғанға дейін доза әрбір 12 сағат сайын қайталана алады. Көрсетілімдер бойынша трахея интубациясы.
· Обструктивті синдромда:
– қысқа уақытты әсер ететін ингаляциялық бронхолитик сальбутамол бір сағат ішінде әрбір 20 минут сайын 2 ингаляциядан небулайзер арқылы ингаляциялық, әрі қарай күніне 3 рет 2 ингаляциядан (3-5 күн).