7
ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАР МЕН ӚЗІН-ӚЗІ ҤЙРЕТУ
ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін
әзірленген нормативтік құқықтық база: Қазақстан Республикасында білім
беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті
стандарты, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы негіз болып табылады. Балалардың біліктері мен
дағдыларының даму деңгейін бағалау үшін әзірленген нормативтік құқықтық
база негіз болып табылады: Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 4-тараудың 17-тармағында
тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар айқындалған,
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасында олар
баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелер түрінде берілген.
Ерте жас тобы (1 жастан 2 жасқа дейін)
Мәдени-гигеналық дағдылар:
Міндеттері:
-
баланы жуынудың қарапайым дағдыларына, киінуге, шешінуге және
түбекке сұрануға үйрету;
- ұқыптылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу, беті-қолының, мұрнының
ластығын байқай білу, оларды жууды, сүртуді, дымқыл киімін шешуді сұрау.
Гигиеналық талаптарды сақтау:
- тамақтану кезінде: үстел басына
қолды жуғаннан кейін отыру,
орындыққа ӛзі отырып, одан ӛзі тұру, тамақты тӛгіп-шашпай ұқыпты ішу,
тамақтанып болғаннан кейін майлықты қолдану, алғыс айту;
- жуыну кезінде: қолдарын (алақандарын
бір-біріне үйкелеу) және
бетінің тӛменгі
жағын алақанымен жуу, ересектердің кӛмегімен беті-
қолдарын сүрту;
- киініп-шешіну кезінде: киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию,
оларды дұрыс жинау;
- баланың түбекке сұрана білу дағдыларын қалыптастыру, ӛзінің
түбегінің орнын білу, тек ӛз түбегіне отыру;
- бет орамалмен ескерткен кезде мұрнын сүрту, оны қалтасынан ӛзі алу
және салу;
-
ӛзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынды білу, үстел басындағы
ӛзінің орнын, киімге арналған шкафты білу.
Күтілетін нәтижелер:
-
ересектердің
кӛмегімен ӛзіне-ӛзі қызмет етудің қарапайым
дағдыларын сақтайды;
- тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: