«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе


Vineland Social Maturity Scale



бет3/19
Дата31.10.2022
өлшемі287 Kb.
#46402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе

Vineland Social Maturity Scale (АҚШ) әдісі баланың күнделікті өміріндегі мінез-құлқын бақылау немесе ата-анасы мен жақындарынан сұхбат алу арқылы жүзеге асады. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне және дағды түрлеріне (жалпы өзіне-өзі қызмет етуі, тамақтану барысындағы өзіне-өзі қызмет етуі, киім кию дағдысы, өзін-өзі ұстауы, қызығушылығы, қарым-қатынас, іс-қимыл, әлеуметтену) қарай топтастырылған. Бағалау қорытындысы бойынша баланың әлеуметтік жасы мен әлеуметтену дәрежесі анықталады. Бұл шкаланы баланың ақыл-ой дамуындағы ауытқуларды зерттеуде қолдануға болады.
Жаңа туылған балалардың жағдайын анықтау үшін сәби мінез-құлқын бақылауға арналған Neonatal Behaviorial Assesment Scale (NBAS) шкаласы қолданылады. Зерттеу барысында жаңа туылған баланың рефлекторлық іс-әрекеті мен мінез-құлқы және сыртқы әлеуметтік ынталандыруларға қайтаратын жауапты іс-әрекет көрсеткіштері бағаланады. Шкала көмегімен баланың дамуына кедергі келтіретін ата-ана іс-әрекеттерін анықтауға болады. Бұл құралдың негізгі құндылығы болып табылады.
Психофизикалық даму ауытқулары бойынша «тәуекел» тобына жататын балаларды (1 ай мен 6 жас аралығы) анықтауға Denver Developmental Screening Test құралы кеңінен қолданылады. Жастық нормаларды салыстыру арқылы келесі даму салалары бағаланады: ірі және ұсақ моторика, тілдік және әлеуметтік дамуы.
Нәрестелердің әлеуметтік дамуының негізгі аспектісі - олардың ата-аналары мен жақындарына деген жақындығы болып табылады. Баланың жақындығын зерттеу ата-ана қатысуымен өтеді. Себебі бұл феномен баланың өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасы барысында зерттеледі.
Ерте жастағы балалардың әлеуметтік мінез-құлқын зерттеуде құрылымы бойынша әртүрлі болып келетін жағдаяттардағы бала іс-әрекетін бақылауға бағытталған әдістер қолданылады. M.D.Ainsworth ана мен баланың «бөтен жағдаятта» (“strange situation”) өзара әрекеттестігін анықтауға бағытталған өз әдістемесін ұсынады. Әдістеме баланың мінез-құлық түрін анықтайды. Мінез-құлық түрі 4 ке бөлінеді. Олар: анасына берік жақындық танытушы, қашқақтау, қарсыласу, берекесіздік таныту. Анасы зерттеушінің алдын ала берген жоспары бойынша 8 көріністе әртүрлі іс-әрекет жасайды. Осы кездегі бала мінез-құлқы бақыланады. Осы әдісте қолданылған тәсілдер ерте жастағы бала мінез-құлқын зерттеуге бағытталған барлық кестелерге енгізілді. Ерте жастағы балалардың мінез-құлқын анықтауда «ажырату», «қауыштыру», «жалғыз қалдыру» және «бейтаныс адаммен кездестіру» тәсілдер қолданылады.
Ерте жастағы бала мінез-құлқын зерттеуде ата-анадан алынатын ақпараттың маңызы зор. Мысалы, А.Thomas пен S.Chess әр үш ай сайын ата-аналардан сұхбат алу арқылы баланың күнделікті әртүрлі жағдаяттардағы (ұйқы, тамақтану, дәрігерге бару, бейтаныс жағдай, киініп-шешіну, шомылу және т.б) мінез-құлқын бақылаған. Ал С.Миллер ерте жастағы бала темпераментін зерттеуде ата-аналарға арналған сауалнама кеңінен қолданылатындығын атап өткен .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет