Қазақстан республикасындағы ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету
Жоспар: Жалпы балалардың психофизикалық дамуын зерттеуге бағытталған стандартталған әртүрлі скрининг әдістері
I деңгей – балалардың психофизикалық дамуындағы ауытқуларға скрининг өткізу. Ерте жастағы айқындау жұмысының туу мекемелерінде өткізілуі жұмыс тиімділігін арттыра түседі. Алайда, жаңа туылған нәрестелік кезде анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге сай генетикалық және әлеуметтік факторлар ауытқулар ретінде көрініс таппайтындығын ескерген жөн. Сондықтан скринингтің келесі кезеңі алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жүргізіледі. Скрининг белгілі жас кезеңдерінде қайталануы тиіс.
II деңгей – психофизикалық дамуға ПМПК-да терең зерттеу жүргізу. Екінші кезең зерттеуін әртүрлі мамандар бірлесіп жасайды. Мамандар пәнаралық зерттеу нәтижесінде баланың психофизикалық даму барысына баға беріп, әлеуметтік бейімделу дәрежесін анықтайды.
III деңгей –түзету жұмыстары. Анықталған ауытқуларды түзету жұмыстары арнайы бала бақшаларда, жалпы бала бақщалардағы арнайы топтарда, психолого-педагогикалық түзету кабинеттерінде, бейімдеу орталықтарында және логопедтік бөлімшелерде жүргізіледі.
IV деңгей –ерте жастағы түзету-педагогикалық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру. Бұл деңгей жұмыс барысында алынған мағлұматтарды жүйелеу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын өткізу, түзету жұмыстарының барлық бағыттарын жетілдіруді қамтиды.
V деңгей – мемлекеттік-құқықтық қамсыздандыру. Қазақстан республикасында денсаулықты сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған орталықтанған мемлекеттік басқару мекемелері жұмыс істейді. государственно-правовое обеспечение. Бұл мекемелердің құзырына мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және түзету-педагогикалық көмек көрсету жатады. Балаларға көрсетілетін мелекеттік түзету-педагогикалық көмек республикалық және жергілікті қаржыландыру мен әртүрлі қорлар мен мекемелер көмегі арқылы жүзеге асырылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмектің дұрыс ұйымдастырылуы үшін нормативтік-құқықтық базаны үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Зерттеу нәтижесінде Р.А.Сулейменова келесідей ұсыныстар жасады: біріншіден, мемлекеттік мекемелер жұмысын жетілдіру, екіншіден, қаржыландыру жүйесін жетілдіру, үшіншіден, заңнамалық базаны жетілдіру.
Жоғарыда аталған Заң өз күшіне енгеннен бері мүмкіндіктері шектеулі жандарға мемлекеттік қолдау жағымды өзгерістерге ие болды. Атап айтқанда: арнайы білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінің жаңа түрлері ашылды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға ендіру процессіне медициналық мекемелерде араластырылды.
ТП ҰҒПО-ында жалпы балалардың психофизикалық дамуын зерттеуге бағытталған стандартталған әртүрлі скрининг әдістері өңделіп, сынақтан өткізілді /330-333/. Зерттеу барысында дамуында ауытқулары бар балалар терең зерттеу мақсатында ПМПК-ға жіберілді. Келесі зерттеу әдістері ұсынылды: жаңа туылған нәрестелердің дамуындағы микроауытқуларды есепке алу арқылы психосоматикалық даму ауытқуларын болжау әдісі; жүйкелік-психикалық дамудағы ауытқуларға скрининг болжам жасау (скрининг бала дамуындағы әртүрлі әлеуметтік, биологиялық және медициналық-ұйымдастырушылық қауіпті факторларды анықтауға бағытталған); даму барысын скринингтік аттестациялау – тәжірибелік зерттеу; баланың көз қозғалысын және мінез-құлқын бақылау арқылы көру қабілетін зерттеу; мінез-құлықтық және болжау скринингі арқылы есту қабілетін зерттеу.