«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе


Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсетудің шетелдік тәжірибесі



бет2/19
Дата31.10.2022
өлшемі287 Kb.
#46402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе

Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсетудің шетелдік тәжірибесі.

Жоспар:
1.Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсетудің шетелдік тәжірибесі.

Дамуында тежелістері бар балаларға арналған ерте жаста педагогикалық араласу бағдарламаларының тиімділігінің алғы шарты ерте жастағы жүйелі бағалау жұмысы болып табылады. Бағалау жұмысы психикалық онтогенездің бастапқы кезең ерекшіліктеріне негізделеді. Бұл шақта бала жылдам даму ерекшелігіне ие. Сондықтан осы кездегі даму барысындағы мардымсыз кішігірім ауытқулардың өзі жас ұлғая келе күрделі мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ерте жаста атқарылатын түзету жұмыстарының мүмкіндіктері де мол. Себебі бұл кезде бала психикасы икемді, сезімтал, әрі сыртқы әсерді қабылдағыш келеді. Ерте жаста «тәуекел» тобына жататын балаларды әртүрлі тиімді әдістер арқылы анықтап, олардың даму барысына бақылау жүргізу бастапқы ауытқуды анықтау мен оқыту жұмыстарының арасында болатын алшақтықтың алдын алар еді. Яғни түзету жұмыстары дәл кезінде көрсетіле басталады.


Ерте жастағы балаларды тәжірибелік-психологиялық және психология-педагогикалық зерттеу тәжірибесінде сан алуан әдіс-тәсілдер қолданылады. Н.Н.Володин және тағы басқа ғалымдар баланы зерттеу әдістерін үшке бөліп қарастырған. Олар: клиникалық әдістер, стандартталған шкалалар және жүйке-психикалық даму барысын терең зерттеуге бағытталған әдістер (құрал-саймандық және зертханалық әдістер). Ғалымдардың айтуынша, бұл үш топқа жататын әдіс-тәсілдерді реттілікпен қолдану қажет. Үш топ әдістері бірін-бірі толықтырып отырады.
Баланың ерте жастағы даму көрсеткіштерін бағалау үшін сенсомоторлы даму барысын бақылауға арналған тесттер, баланың қарапайым іс-әрекеттер мен ауызша нұсқауларды орындауын бақылауға арналған тесттер, бағалау шкалалары (даму тесттері), ата-аналарға арналған сауалнамалар, сұхбат алу әдістері қолданылады .
Ерте жастағы балаларға арналған тесттер, әдетте, шкала түрінде құрылады. Тест ерте жастағы баланың психикалық дамуын бақылауға арналған белгілі жастық нормативтік көрсеткіштерді қамтиды. Даму деңгейін бағалау баланың нормативтік тапсырмаларды орындау барысы мен ондағы қалыптасқан дағды, қасиеттерді анықтауға бағытталады. Нормативтер стандартты іріктеу кезінде алынған дамуы қалыпты балалардың жастық көрсеткіштерімен салыстырылады. Нормативтерді салыстыру арқылы «ақыл-ой (психикалық)» және «хронологиялық» жас көрсеткіштері анықталады. Анықтау барысында психикалық даму деңгейлерінің сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі. Л.С.Выготский бұл әдісті «даму деңгейін жасатық нормалар мен стандарттар арқылы зерттеу» деп атап өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет