«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе



бет1/19
Дата31.10.2022
өлшемі287 Kb.
#46402
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе


  1. «Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе

Соңғы жылдары көптеген елдерде мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзете-дамытушылық көмекті көрсету бағдарламаларын іс жүзіне асыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларының өзекті мәселерінің бірі болып, ірі әлеуметтік мәселе сипатына ие болды. Бұл мәселенің аумағында мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі кезеңде олардың мектепке дайындығын қамтамасыз ететін даму жағдайларын жасау ерекше рөлге ие. Балалық шақтың ерте жасында мектепте оқудың табысты болуына әсер ететін мектепке дейінгі дайындықтың қалыптасуына алғышарттар жасалады.


Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепте оқытуға жоспарлы түрде дайындау үшін ерте жастан көмек көрсетуді анықтайтын факторлар қатары бар. Біріншіден, бұл бағыттың болашағы баланың белсенді түрдегі динамикалық жағдайда дамуы және кез келген жағдайда баланың даму заңдылықтарының жалпыламалығы туралы ұғымдар арқылы түсіндіріледі. Бұл мәселе қажетті жағдай жасалған кезде баланың орнын толтыру күшін іс жүзіне асыруға және қалыпты жағдайға келуге болатынын көрсетеді. Баланың дамуында басым жүйе ретінде орталық жүйке жүйесі болып табылатыны және ерте жаста бұл жүйе жоғары деңгейдегі бейімделуші және үйлесімді қызметке ие екендігі, сонымен қоса бала өмірінің алғашқы жылдары ең икемді екендігі дәлелденген. Ерте жастағы белсенді түрдегі репрезентация мен физикалық және әлеуметтік өмірді түсінудегі туа біткен және басты кестелерді қолдануға қабілетті болып табылады. Бала өмірінің алғашқы жылдарына бала ағзасының психикалық және моторлы қызметтердің белсенді дамуы тән.
Ерте жастағы кезеңдердің маңыздылығының дәлелі ретінде жүйелілік, иерархиялық, сатылық, ырғақтылық, қарқын, мазмұн, бала психикасының қалыптасу бағыттарымен байқалатын көпқырлылық пен құрылымдылық болып табылады. Ең кішкентай баланың психикалық өмірінің ретке келуі кез келген жағдайда оның ынталану мүмкіндігіне жету болатынын байқатады.
Ерте жастағы баланың дамуындағы кез келген жаңа кезеңде әр психикалық үдеріс жаңа сапа мен қасиеттерге ие болатын күрделі қызметаралық жаңа құрылымдар нәтижесі ретінде болады. Нәтижесінде баланың дамуындағы әр кезең түзету жұмысының ерекше стратегияларын талап етеді.
Баланың дамуына отбасында тәрбиелеу мен күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайы, оның сырт пішіні, зердедегі өзара қатынасының қарқындылығы мен ұзақтылығы, сөйлеу арқылы қатынас пен тәрбиелеудің әдісі, ата-аналардың балалармен қарым-қатынасқа түсуге психикалық тұрғыдан дайындығы ерекше рөл атқарады.
Соңғы жылдары бүкіл әлемде мүмкіндіктері шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына ертеден психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің жаңа ұйымдастыру түрлері мен бағдарламаларын іздестіруге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізуге көп көңіл бөлінуде.
Әртүрлі елдерде ерте жастан көмек көрсету бағдарламалары ұйымдастыру мәселесінде түрлі, бірақ мазмұны бойынша ортақ тенденцияларға ие. Теориялық негіздің әртүрлілігіне қарамастан ерте жастан көмек көрсету моделіне негіз ретінде көпсалалы сараптама мен бала мен оның отбасының әлеуметтік, медициналық және білім алу қажеттіліктерін қолдап, көмек көрсетудің жеке бағдарламаларын жасап, іс жүзіне асыру жатады. Барлық бағдарламаларда ата-аналар дамытудың жеке бағдарламаларын бағалау, бақылау және іс жүзіне асыруға қатысады. Ерте жастан кірігу бағдарламалары арнайы білім беру, денсаулық, әлеуметтік қорғау, үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен өтетін шаралардың құрылымындағы бірліктер ретінде қарастырылады.
Қазақстанда ерте жастан кірігу мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеуде тәжірибе негізі ретінде алғашқы ерте жастан кірігу кабинеті ТП ҰҒПО-ның оңалту орталығында ашылды. Зерттеулер көрсеткендей ерте жастан түзету және дамыту бағдарламалары негізіндегі кешенді көмек көрсету мүмкіндіктері шектеулі балалардың қарқынды дамуына үлесін қосады. Мәселен жарты жылдың ішінде ерте жастағы балалардың психикалық және қимыл-қозғалыс салаларының даму деңгейі 1-2 эпикризді мерзімге дамыумен байқалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет