Медициналық бағыт. Мақсаты – баланың денсаулық жағдайын, алынатын емдік іс-шаралардың уақытылы, әрі сапалы болуын бақылау, білім беру мекемесіндегі белгіленген тәртіппен берілетін медициналық көмекпен қамсыздандыру.
Әлеуметтік-психологиялық бағыт. Мақсаты – Мүмкіндіктері шектеулі бала мен оның отбасына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы бала қажеттілігін анықтап, олардың қанағаттануын бақылауға алу.
Білім беру бағыты. Мақсаты – балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету, ата-аналарға балалардың дамуын бақылауға және үй жағдайында баланы дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтар өткізуге қатысты кеңестер беру.
«Топтық жұмыс» негізгі әдіс болып саналады. Бұл әдіс негізінде пәнаралық бағыт ұсталынады. Яғни мамандар топ болып, өзара бірлесіп бір бағытта жұмыс атқарады. Топ құрамы баланың қажеттілігі мен жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Топқа әртүрлі сала мамандар кіреді. Олар: педиатр, невролог, физиотерапев, емдік дене шынықтыру дәрігері, ортопед, психиатр, сурдолог, офтальмолог, психолог, педагога-дефектолог, логопеда, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру инструкторы, массажист және т.б. Топ құрамы мекеме мүмкіндігі мен бала қажеттілігіне байланысты болады.
Мамандар тобының жетекшісі маманы педагог-дефектолог немесе психолог болуы мүмкін. Мекемеде балаға қажетті маман қызметі берілмесе, оны жетекші маман немесе әлеуметтік педагог басқа мекемеге жібереді. Бала басқа диагностикалық орталық, балалар емханасы және гинетикалық кеңес беру мекемелерінде қажетті көмек ала алады
Топ құрамындағы мамандар баланың психофизикалық даму деңгейін, оның ата-аналарымен және отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар бала мен оның отбасының әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы қажеттіліктері анықталады. Алынған мағлұматтар негізінде мамандар жеке дамыту бағдарламасын құрып, кешенді көмек көрсету қызметін ұйымдастырады
Ата-аналар жеке түзете-дамыту бағдарламасын құруға қатыстырылады. Олар мамандармен қатар бала қажеттіліктерін талқылап, жеке дамыту бағдарламаның орындалуын бақылауға қатысады, үй жағдайында әртүрлі түзете-дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтар өткізеді.
Жеке дамыту бағдарламасының қызмет көрсету кезеңінде әлеуметтік қызметкер (мекеме штатында белгіленген жағдайда) бала мен оның отбасына тиісті әлеуметтік-құқықтық қолдауын көрсетеді. Ата-аналарға арналған кеңестер өткізіп, мүмкіндіктері шектеулі баланың әлеуметтенуіне қатысты іс-шаралар ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |