мүмкіндіктері шектеулі баланың мәселелері мен мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін кешенді пәнаралық топтық бағалау;
ерте жастағы дамуында тілдік ауытқулары бар бар, көру және есту ауытқулары бар балаларға, қимыл-қозғалыс аппараты мен эмоциональдық-ерік салаларында тежелістері бар балаларға, оқу және мінез-құлқы мен қарым-қатынас салаларында қиындықтары бар және басқада әр түрлі ауытқулары бар балаларға кешенді оңалту, бейімдеу және қоғамға ендіруге бағытталған медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түзету көмегін көрсету.;
ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасын (ЖДБ) құру және оны жүзеге асыру;
мүгедек баланың жеке бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыру;
отбасындағы мүмкіндіктері шектеулі бала тәрбиесі мен білімі туралы ата-аналарға (басқа бала тәрбиесіне жауаптыларға) кеңес беру, оқыту-ағарту жұмыстарын жүргізу;
мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін жалпы білім беру мекемелерінің педагогтарына балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері, оқытудағы кездесетін қиындықтар туралы кеңестер беру мен әдістемелік басқару жұмыстарын жүргізу.
Ерте жаста түзете-дамыту көмегін көрсетудің негізгі принциптері ЖДБ-сының мазмұны ерте жастағы бала тәрбиесіндегі жалпы дидактикалық принциптер негізінде құлыдады. Бағдарламаны құру барысында түзету жұмысының мынадай негізгі бағыттары ескерілуі қажет: оқыту мен тәрбиенің ғылымилығы мен жүйелілігі, қол жетімділігі және көрнекілігі, баланың білімді игерудегі белсенділігі мен дербестігі, баланың жастық және жеке бас ерекшеліктері, оқыту мен күнделікті өмірдің байланысы.
Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету барысында олардың психологиялық даму деңгейіне сай төмендегі ерекше дидактикалық принциптерді қолдану қажет:
1. Онтогенетикалық принцип: түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлап, іске асыру кезінде бала дамуындағы ақыл-ой және жеке бастық қасиеттердің жасқа байланысты өзгеріп отыруын ескеру қажет.