Жалпы балалардың психофизикалық дамуын зерттеуге бағытталған стандартталған әртүрлі скрининг әдістері
I деңгей – балалардың психофизикалық дамуындағы ауытқуларға скрининг өткізу. Ерте жастағы айқындау жұмысының туу мекемелерінде өткізілуі жұмыс тиімділігін арттыра түседі. Алайда, жаңа туылған нәрестелік кезде анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге сай генетикалық және әлеуметтік факторлар ауытқулар ретінде көрініс таппайтындығын ескерген жөн. Сондықтан скринингтің келесі кезеңі алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жүргізіледі. Скрининг белгілі жас кезеңдерінде қайталануы тиіс.
II деңгей – психофизикалық дамуға ПМПК-да терең зерттеу жүргізу. Екінші кезең зерттеуін әртүрлі мамандар бірлесіп жасайды. Мамандар пәнаралық зерттеу нәтижесінде баланың психофизикалық даму барысына баға беріп, әлеуметтік бейімделу дәрежесін анықтайды.
III деңгей – түзету жұмыстары. Анықталған ауытқуларды түзету жұмыстары арнайы бала бақшаларда, жалпы бала бақщалардағы арнайы топтарда, психолого-педагогикалық түзету кабинеттерінде, бейімдеу орталықтарында және логопедтік бөлімшелерде жүргізіледі.
IV деңгей – ерте жастағы түзету-педагогикалық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру. Бұл деңгей жұмыс барысында алынған мағлұматтарды жүйелеу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын өткізу, түзету жұмыстарының барлық бағыттарын жетілдіруді қамтиды.
V деңгей – мемлекеттік-құқықтық қамсыздандыру. Қазақстан республикасында денсаулықты сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған орталықтанған мемлекеттік басқару мекемелері жұмыс істейді. государственно-правовое обеспечение. Бұл мекемелердің құзырына мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және түзету-педагогикалық көмек көрсету жатады. Балаларға көрсетілетін мелекеттік түзету-педагогикалық көмек республикалық және жергілікті қаржыландыру мен әртүрлі қорлар мен мекемелер көмегі арқылы жүзеге асырылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмектің дұрыс ұйымдастырылуы үшін нормативтік-құқықтық базаны үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Зерттеу нәтижесінде Р.А.Сулейменова келесідей ұсыныстар жасады: біріншіден, мемлекеттік мекемелер жұмысын жетілдіру, екіншіден, қаржыландыру жүйесін жетілдіру, үшіншіден, заңнамалық базаны жетілдіру.
Жоғарыда аталған Заң өз күшіне енгеннен бері мүмкіндіктері шектеулі жандарға мемлекеттік қолдау жағымды өзгерістерге ие болды. Атап айтқанда: арнайы білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінің жаңа түрлері ашылды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға ендіру процессіне медициналық мекемелерде араластырылды.
ТП ҰҒПО-ында жалпы балалардың психофизикалық дамуын зерттеуге бағытталған стандартталған әртүрлі скрининг әдістері өңделіп, сынақтан өткізілді /330-333/. Зерттеу барысында дамуында ауытқулары бар балалар терең зерттеу мақсатында ПМПК-ға жіберілді. Келесі зерттеу әдістері ұсынылды: жаңа туылған нәрестелердің дамуындағы микроауытқуларды есепке алу арқылы психосоматикалық даму ауытқуларын болжау әдісі; жүйкелік-психикалық дамудағы ауытқуларға скрининг болжам жасау (скрининг бала дамуындағы әртүрлі әлеуметтік, биологиялық және медициналық-ұйымдастырушылық қауіпті факторларды анықтауға бағытталған); даму барысын скринингтік аттестациялау – тәжірибелік зерттеу; баланың көз қозғалысын және мінез-құлқын бақылау арқылы көру қабілетін зерттеу; мінез-құлықтық және болжау скринингі арқылы есту қабілетін зерттеу.