Байланысты: ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕР ДӘУІРІНДЕГІ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ
Көсемдік пен абыздықты қоса атқарған көсемнің қару-жарағы және асатаяғы табылған.
1999 жылы археолог З.Самашев тапқан. Б.з.б. ІІІ ғ. жататын «екінші алтын адам» сармат көсемі. САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҰЙЫМЫ Қарапайым адамдардан айырмашылығы бар патшалар әулетінің қорғандары қоғамда әлеуметтік жіктелуді ғана емес, сақтарда патша әулеттерінің болғанын көрсетеді. Жазба дереккөздердің мәліметінше, патша-көсемдер әскери қолбасшылар болған әрі Олар дипломатиялық келіссөздер жүргізген. Осындай билеуші тектен шыққандар (көсемдер мен ақсақалдар) әскери-тайпалық ақсүйектерді құрады
Сонымен қатар қоғамда абыздар тобы да болды. Көптеген жәдігерлер мен жазбалар сақтар ат құлағында ойнаған жақсы садақшылар болғандығын дәлелдейді.
Сақтардың әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысында егінші шаруалар тұруы мүмкін.