3. Дамыған көшпелілер империясы мәжбүрлеу жүйесі мен заң пайда болды.
(Монғол империясы).
САҚТАР б.з.б. VІІІ-ІІІ ғасырлар Ертедегі көшпелілер - сақтар, скифтер (көне парсыша - сака, көне қытайша - сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады.
Сақтар «Сақ» сөзінің мағынасы «Авеста» кітабында -«жүйрік атты турлар» Грек авторлары -«азиялық скифтер» Парсы жазбаларында - «құдіретті еркектер» САҚ ДЕРЕКТЕРІ
Парсы деректері . Б.з.б. VI ғ. соңындағы ежелгі парсы жазбалары -сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз. Ежелгі парсы бедерлі суреттерінде сақтардың бейнесі де кескінделген.
Грек-рим деректері .Геродот т.б. авторлардың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі.
Көне қытай деректері. Б.з.б. I мыңжылдың соңына жататын көнеқытайлық жылнамалардабаяндалады.
І Дарий жазбасы Парсы патшасы І Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталады. Олардың үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні («Парадарайя»), сол өзенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады. Басқа жазбаларда Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті «соғдылықтардың сыртындағы сақтар»деп атаған. Сондай-ақ сақтар хаомаваргалар туралы да айтылады («хаома дайындайтындар»; басқа аудармасы «Хаоманы (Құдайын) дәріптеушілер»). Парсылар мен гректер сақтардың өзге де тайпалары: дахтар (дайлықтар), массагеттер, сарматтар (савроматтар), исседондықтар туралы мәлімет береді. Дарий жүзіп өткен өзен Сырдария болуы мүмкін. Солай болса, ол «бағындырған» өзеннің ар жағындағы сақтар осы өзеннің солтүстік-шығысындағы қазақ даласын мекендеген болып шығады. «Соғдылықтардың сыртындағы мемлекет» деген атау да бұл ұстанымды бекіте түседі.