Ерте орта ғасырлардағы Закавказье. Закавказьедегі феодалдық шаруашылық біздің заманымыздың



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі27,66 Kb.
#84305
  1   2

  1. Ерте орта ғасырлардағы Закавказье.

Закавказьедегі феодалдық шаруашылық біздің заманымыздың 
IV ғасырында қалыптасты. IV—V ғасырларда Арменияда феодалдық жер иеленудің барлық негізгі түрлері: феодалдық вотчина — 
хайреник, феод — хостак, бенефиций — паргевакан белгілі бол-
ды. Жер иеленушілердің өте күрделі иерархиялық сатылары бол-
ды. Оның ең жоғарғысы патша жəне жеке аймақтарды басқаратын 
князь тұқымынан шыққан аса ірі жер иелері нахарарлар болды. 
Бұл сатының ең төменгі баспалдағында ұсақ жер иелері тұрды. 
Едəуір көлемді жерлерді меншіктенген шіркеу феодалдары да 
үстем тапқа жатты. Қарапайым қауым мүшелері шинакандар егіншілікпен, жүзім шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды. Əрбір шаруаның отбасындағы адамының санына қарай қауымдық 
жерлер жыл сайын қайта бөлініп тұруға тиіс болды. Шинакандар 
көптеген феодалдық міндеткерліктерді (канал қазу, жол, көпір салу 
т.б.) атқарды. Басқа елдердегі феодалдық қоғамдағыдай, Арменияда 
да IV—V ғасырларда белгілі бір дəрежеде құлдардың еңбегі пайда-
ланылды. Бірақ құлдар еңбегі қоғамдық құрылыстың феодалдық 
сипатын бұзған жоқ. Армян құл иеленуші мемлекеті бірте-бірте 
феодалдық монархияға айналды.Əр феодал тəуелсіз болуға, өз жерін шағын дербес мемлекетке 
айналдыруға ұмтылды. Армян феодалдарының ала ауыздығын Иран 
мен Византия пайдаланып қалмақ болды. Мұндай ала ауыздықтар 
Грузия мен Əзербайжан феодалдары арасында да болды.
Армяндар грузиндермен одақтаса отырып, Иранға қарсы талай 
рет көтеріліске шықты. Римдіктер 391 жылы Батыс Армениядағы 
патшалықты жойды. Ал Шығыс Армения (Арменияның үштен төрт 
бөлігі) Иранның қол астында болды. Ондағы өзін-өзі басқарушылық 
428 жылы жойылды. Билікті иран наместнигі — марзпан жүр-
гізді. Иран армяндардан христиан дінін тастап, зороастризмді 
қабылдауды талап етті. Армяндар 450 жылы Иран билігіне қарсы 
көтеріліске шықты. Оны Вардан Мамиконян басқарды. Ол алдын-
да жеңіске де жетті. Арташатта өз билігін жариялады. 451 жылғы 
26 мамырда Аварайрда шешуші шайқас болды. Вардан қаза тапты. 
Армяндар партизандық соғысқа көшті. 571 жылы тағы көтеріліс 
болып, оны Вардан Мамиконян Кармир басқарды. 572 жылы 
армян көтерілісшілері Иран əскерін талқандады. Бірақ толық 
тəуелсіздікке жете алмады. Иран наместнигі армяндардың өз ішінен 
тағайындалатын болды.Армения мен Картли үшін Иран мен Византия арасындағы күрес жиырма жылға созылды. Сасандар патшасы Хормузд IV (1579—
1590) армяндарды қалайда өз жағында ұстап қалу үшін оларға біраз 
жеңілдіктер берді. Ол Арменияның ишханы етіп армянин Давид 
Сааруниді тағайындады. Сааруни 586—601 жж. билік құрды. Осы 
кезден (586 ж.) бастап Армениядағы барлық азаматтық билік тізгіні 
армяндардың ішінен тағайындалатын ишхандарға берілді.IV ғасырдың аяғында Византия Армненияның көп жерін басып алды. Армения Византияның вассалды мемлекеті саналды. 
Дегенмен бұрынғыдай, ишхандар жергілікті армяндар арасынан 
тағайындалып отырды. Византия қол астына көшкен соң ишхандар 
патрикий, куропалаттар деп атала бастады. 651 жылы Арменияға 
арабтар шабуылы басталды. Византия көмек көрсете алмады. 652 
жылғы келісім бойынша армяндар араб халифатының билігін мойындады.
773—775 жж. Арменияда шаруалар көтерілістері болып өтті. 851 
жылы арабтар билігіне қарсы көтеріліс басталды. Ол көтерілістің 
басшыларының бірі Овнан Хутский ерекше ерлігімен көзге түсті. 
Армяндар араб қолбасшысы Мысыр-Меліктің əскерін талқандап, 
Муш қаласын алды, халифтің наместнигін өлтірді. Армян 
халқының осы көтеріліс кезіндегі ерлігі «Давид Сасунский» деген 
дастанда жырланды. Бірақ Буги басқарған араб əскері үш жыл бойы 
көтерілісшілерді қатаң жазалап отырды. Армениядағы арабтар билігі IX ғасырдың аяғында құлатылды. 
Үкімет билігі армяндық Багратилер əулетінің қолына көшті. 
IX ғасырдың 60- жылдарынан 1045 жылға дейін Арменияның 
шығысында оның жерінің үлкен аумағын қамтыған Ани патшалығы өмір сүрді.
Багратилік патшалардың Арменияны біріктіру əрекеті нəтижесіз 
болды. Феодалдық бытыраңқылық Васпуракан (908), Сюнилік (970), 
Кар (963) жəне Ташыр-Дзорагет патшалықтарының құрылуына 
жол ашты. Олар Багратилерге вассалдық тəуелділікте болды. 
Ауыз бірліктің болмауы, өзара қырқысулар 1045 жылы Арменияны 
Византияның, ал 1071 жылы — селжук түріктерінің жаулап алуына 
себеп болды.
Закавказьенің грузин тайпалары мекендеген батыс бөлігінде 
феодалдық қатынастар III—IV ғасырлардан бастап қалыптасты. Ол 
қатынастар IV ғасырда орнығып болды. Феодалдар азнаур деп атал-
ды. Грузияда ерікті қауым мүшелері де, ерікті қызметкерлер де бол-
ды. Феодалдық қоғамның едəуір категориясы ерікті емес уазнолар 
еді. Жер VI ғасырдың өзінде-ақ сату, сатып алу объектісі болды. IV 
ғасырда Картли патшасы Мириан христиандықты қабылдап, оны өз 
жерінде зорлықпен бекіте бастады. Картли патшалары сасанилердің, 
ал Эгриси (Батыс Грузия) патшалары — Византия императорларының вассалдары болды. Сасанилік Иранға қарсы күрес V ғасырда Картлиде Вахтанг 
Горгасал («қасқыр бас») патша тұсында күшейді. 484 жылы грузиндер мен армяндар Иран билігіне қарсы бірлесіп қимыл жасады. Бірақ 
бұл күрес сəтсіздікпен аяқталды. 523 жылы жаңа көтеріліс басталды. Бұл көтерілісті де талқандағаннан кейін сасанилер Картлидегі патша өкіметін жойды.Византия мен Иранның Грузияға ие болу үшін жүргізген күресі VII ғасырға дейін созылды. VII ғасырдың бас кезінде византиялықтар иран əскерлерін қуып шығып, Грузияда өз 
үстемдігін орнатты. Бірақ VII ғасырдың ортасында Грузияны арабтар басып алды. Византиялықтар ықпалы Батыс Грузияда ғана 
сақталды. Грузиядағы арабтар билігі IX ғасырдың екінші жартысына дейін сақталды. Арабтарға қарсы күресте Грузияға албандар мен 
армяндар көмектесіп отырды. Арабтар билігінің құлауына сондайақ халифаттың ішкі əлсіреуі (IX ғасырдың екінші жартысы) де себеп 
болды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет