Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы


Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі



бет21/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ

4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.
1991жьлы, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Семей ядролық сынақ алаңы мәңгілікке жабылды. Мемлекет басшысы ел аумағында орналасқан ядролық әлеует туралы мәселені Қазақстан үшін барынша тиімділікпен шешті.
1991жылғы мамырда Қазақстан аумағында орналасқан ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Дәл осы кезеңде Қазақстан Республикасы, ел Президентінің табандылығы мен саяси ерлігінің арқасында, "ядролық клуб" елдерінен стратегиялық кепілдіктер алуға қол жеткізді.
Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Президентінің жанкешті күресі Қазақстанның қауіпсіздігіне Ресей, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан кепілдіктер алу туралы Будапешт меморандумына (1994 жылы) қол қойылумен тұжырымдалды. Мұндай кепілдіктер Франция мен Қытай Халық Республикасынан да алынды.
Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты зерттеуінде ядролық қаруды жоюмен бір мезгілде Қазақстанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтудағы бағыттары қамтылған. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағында ұлан-ғайыр ядролық қару қалды, ол түрлі ядролық қондырғылар үшін отын дайындау жөніндегі кәсіпорындарды, ядролық реакторларды, қуатты ядролық-техникалық әлеуетті және ядролық қарудың инфроқұрылымын жою, бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарда конверсиялау проблемасымен қатар жас мемлекетіміздің сыртқы саясатының дамуында, ұлттық, әскери қауіпсіздігін қамтамас ету мәселелері көтерілген. Сыртқы және ішкі факторлардың тұтас бір кешеніне талдау жасамай және оны ескермей,бейбіт болашақты орнату мүмкін емес,олар,қалай дегенмен,ұлттық қәуіпсіздікке және жас мемлекетіміздің аумақтық тұтастығына барынша салқынын тигізеді. Мұнда барлығы да тек тарихи жауапкершілік пен әмбебап,перспективалық көре білудің болуына негізделген.
Президент Н.Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында жазылған «Қазақстан жолы» деген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халқының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипатттамасы берілді. Кітаптар этнос аралық және конфессияаралық татулық пен келісімге негізделетін әлеуметтік-саяси тұрақтылық мәселесі басты орындардың бірін алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бұл мәселе мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді. Түрлі ұлттық-діни мәдениеттің тайталасы салдарынан әлемде болып жатқан елеулі жанжалдар мұндай көзқарастың дұрысытығын қуаттайды.
«Қазақстан жолы»-мемлекет орнату,жаңа қоғамды жасақтау тәжірбиесі болашақ үшін айырықша құндылық болып табылатын тарихи оқиғалар туралы кең ауқымды ақпараттан тұратын кітап.Бұл еңбек заманауи отандық және дүниежүзілік тарихнаманы елеулі түрде толықтырады,кітап жарыққа шыққан сәттен бастап әлемдік сарапшылардың назарына ілігіп әлемнің түрлі тілдеріне аударылды.
Сұрақтар:
1.Тәуелсіз Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары қандай?
2.Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегіндегі ядролық қаруды жою туралы келіссөздер.
3 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты еңбегіндегі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының қорытындылары.
4.1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда ядролық мұрадан бас тарту туралы тарихи шешім
5. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет