Негізгі әдебиеттер: Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002
Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией. А., 2000.
Казахско-русские отношения в XVIII-ХІХ вв. Сборник материалов. А., 1964.
.Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств в XVIII в. Т. 1. А., 1999.
Мәшімбаев С.М. Әбілқайыр хан. А., 2006.
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в ХVІІ-ХVІІІ вв. А., 1991.
Қосымша әдебиеттер: Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале ХІХ вв. А., 1960.
Әбсадықов А. Хан Абылай: тарихи шындық және халықтық таным. Хан Абылай: реальность и фольклор. – Костанай, 2000.
Әбілқайыр хан. Жинақ. / Құрастырған К. Есмағамбетов. А., 2004.
Тақырып 8. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы. Дәріс жоспары:
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
ХІХ ғ. бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы
Орта Азия хандарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарындағы саясаты
Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресі
ХІХ ғасырдың 40 жылдары шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Жергілікті өнеркәсіп орындары (диірмен, ұстахана, кен қорытатын фабрикалар), кәсіпшіліктер (тұз өндіру, балық аулау т.б.) қалыптаса бастады. Кен-завод ісі дамыды, мысалы, қорғасын, күміс, тас көмір өндірілді. XIX ғ орта шенінде 209 кен орны ашылды (олардың тек біразы ғана пайдаланылды). Кәсіп іздеген адамдардың уақытша қалаларға кетуі өріс алды.
ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ - байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге өсіммен ақша берді.
ХІХ ғ. бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
1821 ж. Тентек төренің бастауымен қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілердің саны 12 000 дейін жетті. Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың әскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бұхара әмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетекшілерінің беделінің төмен болуында еді. Дегенмен де, бұл Ұлы жүз қазақтарының өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында қоқан үстемдігіне қарсы шыққан ұлт-азаттық күресі болатын.
1865 жылы Ташкентті орыс әскерлерінің алуымен және бүкіл осы аймақтың Ресей империясының билігіне көшуімен аяқталды.