Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы



бет5/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.

  2. .Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

  4. Моңғолдың құпия шежіресі. А., 1999.

  5. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі.

  2. Егоров В.Л. Золотая Орда: мифы и реальность. М.,1990.

  3. Есенберлин И. Алтын Орда. Тарихи трилогиясы. А., 1982.

  4. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А., 1997.

  5. Моңғолдың құпия шежіресі. – Өлгий, 1979.


8. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ХІҮ-ХҮ ғғ. мемлекеттер.
Дәріс жоспары:
1.Ақ Орда.
2.Моғолстан мемлекеті.
3.Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбек мемлекеті).
4.Ноғай Ордасы мен Сібір хандығы.
Ақ Орда хандығы. Хандықтың аумағы қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Оның халқы этникалық жағынан біріңғай түрік тілдес тайпалар мен халықтар – қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшы, қарлұқ, найман, керей, қаракесек (арғын), қоңырат, маңғыт т.б. еді. Бұлардың әлеуметтік даму деңгейі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көшпенді және жратылай көшпенді мал шаруашылығы болды
XIV ғ. аяғы - XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда едәуір әлсіреп кетті. 20-жылдардың аяғында Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігіндегі билік Шайбани ұрпағы Әбілхайырдың, қолына көшті. XV ғ. екінші ширегінде Орыс хан мен Барақ ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарында өз биліктерін сақтап қалды.
Моғолстан 1346 жылы Шағатай мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты. Моғолстанның құрамына Түркістан, Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумақтары және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, албандар, суандар, қаңлылар, керейлер, арғындар, барластар т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмалық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының және Жошының оңтүстік-шығыстағы әскерлеріне толық билік жүргізді.
Ноғай ордасы. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой кетерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай Ордасы . Ноғай Ордасы XIII ғ. екінші жартысында бөлектене бастады. XVI ғ. екінші жартысында Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, оның ыдырау процесінде халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Солтүстік-шығыста тұратын ноғай рулары Сібір иеліктеріне қарап кетті.
Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті). Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның орталық аймағында Әбілқайыр хандығының пайда болуына әкелді.Әбілқайырдың жаулаушылық соғыстары XV ғасырдың 30-жылдарында басталады.
1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскен қалаларын тастап шығып, Дешті-Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды.. 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде Әбілқайыр қаза тапты. Қазақ хандығының құрылып, нығаюына байланысты Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет