Ертеңгі тарих Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы аң д ат П



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата09.03.2017
өлшемі5,1 Mb.
#8533
1   2   3   4   5   6

Қанзиба РЫСҚАЛИЕВА, 

Ақтау қалалық №2 сотының төрайымы 

№135 (2913) 

30 қараша 2016

3

zangazet@mail.ru



қоғам

Көкейкесті

Үкімет сағаты

Жаңа бағдарлама 

«аға» Жобалардың 

қателігін 

қайталамаса екен



(Соңы. Басы 1-бетте)

Тоқ етерін айтқанда, жаңа бағдарламада ауылдың, ондағы 

ірілі-ұсақты шаруашылықтардың өрісін кеңейтіп, өнімдерінің 

сапасын арттырып, көлемін көбейту үшін қамтылмай қалған 

шара жоқтың қасы. Министр мырзаның айтуынша, оның бәрі 

жүзеге асатын болса, агроөнеркәсіп кешенінің бүгінде  адымын 

аштырмай тұрған біраз мәселе шешіледі. Сөйтіп, ондағы еңбек 

өнімділігі  50 пайызға артып,  өнім көлемі 1,3 есе ұлғаяды. Им-

порт 17 пайызға қысқарып, экспорт осынша көлемге артатын 

болады.


Депутаттар жаңа бағдарламаның мұндай мүмкіндігін 

жоққа шығармады. Әйтсе де олар жаңа құжаттың толыққанды 

нәтиже беруі үшін шешілуге тиісті мәселелердің аз еместі-

гін айтпай қалмады. Жиында қосымша баяндама жасаған 

Мәжілістің  Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің 

төрағасы Сапархан Омаров солардың біразын төрт топқа 

бөліп, министр назарына ұсынған еді. Олар, біріншіден, мем-

лекеттік қолдаудың  нақты кімге арналатындығына қатысты. 

Сапархан Кесікбайұлының айтуынша, бұл көмек тікелей 

ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге жұмсалуы ке-

рек. Бюджет қаражатын делдалдық жасайтын коммерциялық  

ұйымдардың иеленуіне жол бермеу керек. Бізде бұл принцип 

мүлде сақталмайды.  

Республикада ақырғы тұтынушылар үшін бағасы қымбат  

өнімдер өндіретін «Казагро» және оның еншілес ұйымдары, 

екінші деңгейлі банктер құрамына кіретін ұйымдардың тұтас 

сапы бар. Осының салдарынан бұл қызмет  көптеген тауар 

өндірушілер үшін ауыр жүкке айналады. Екіншіден,  мемле-

кеттік реттеу тетіктерінің тұрақтылығы. Мемлекеттің тауар 

өндірушілер алдындағы негізгі міндеттері ұзақ мерзімді болуы 

керек. Өйткені, ауыл шаруашылығы саласы бірден өнім бермей-

ді. Сондықтан, оған капитал ұзақ мерзімге салынуы керек. Бұл 

кәсіпорындардың өз стратегиялық бағыттарын тиімді айқын-

дауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекеттің бұл 

бағыттағы саясатының нақты, теңгерімді болуы өте маңызды. 

Үшіншіден, мемлекеттік қолдаудың, фермерлерге арналған 

жеңілдіктердің кепілділігі маңызды. Яғни, барлық мақсатты 

бағдарламалар толықтай материалдық және қаржылық ресурс-

тармен қамтамасыз етілуі керек. 

Өкінішке қарай, бізде қабылданған салалық бағдарлама-

лар толықтай қаржыландырылмауы салдарынан орындалмай 

жатады. Төртіншіден, мемлекеттік преференциялар бәріне 

бірдей және байқау нәтижесіне де ұсынылуы керек. Ауыл ша-

руашылығы кәсіпорындарының барлық түрлері мемлекеттік 

дотация алуда бірдей мүмкіндікке ие болуы тиіс. Мемлекет 

қаражатын алушылар, негізінен, ресурстарды тиімді пайдала-

натын тауар өндірушілер болғаны жөн.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА

Қазіргі ақпараттық техноло-

гияның көп теген пайдасы мен 

артықшылығы бар. Пайдасына 

келсек, оның жеделдігі, экономи-

калық тиімділігі мен үнемділігі, 

қашықтықтан қызмет көрсете 

алатындығы, ақпарат тарату мен 

қабылдаудың тұтастық сипаты, 

ақпаратқа қолжетімділігі, оны 

тұтыну мүмкіндігінің кеңдігі деп 

тізе беруімізге болады. Осындай 

артықшылықтарына қарамастан, 

ақпараттық технология арқылы 

атқарылатын қоғамдық түрлі 

қызметтер арқылы келетін зиян 

да аз емес. 

Жалпы, қазіргі таңда ақпарат-

тық қауіп ті айналып өте алмайтын 

күр делі кезеңде өмір сүріп отыр-

мыз. Ең бергісі, жеке компью-

теріңіздегі маңызды ақпаратыңыз 

өшіп қалса, бір өзіңіз ғана емес, 

оның зардабын ұжымыңыз, оған 

қатысты өзге де мекемелер тар-

тады. Ал, егер мемлекеттік басқа-

рушы органдардың бірі ондай 

жағдайға ұшы раса, оның барлық 

құрылымдары жаппай тығырыққа 

тіреледі. Елдің басты мәселелерін 

шешетін буын дардың аппарат-

тарындағы мәлімет, деректердің 

ұрлануы, өшірілуі, тіпті, тө тен-

ше оқиғаның орын алуы. Себебі, 

Ақмола облысында бүгінгі күні 11 

мыңдай бүлдіршінге алимент бойынша 

әкелердің қарызы жарты миллиард тең-

геден асып кетіпті. Олардың арасында 

алиментті мүлдем төлемейтіндер аз 

емес. Осы орайда, алиментті өндіру сот 

орындаушылары мен құқық қызмет-

керлерінің үлкен бас ауруына айналып 

отыр. Көкшетау қаласының прокуроры 

Арман Ризуановтың айтуынша, али-

мент бойынша қарыз көлемінің жыл 

санап артуына сот орындаушыларының 

өз жұмысын дұрыс атқармауы себеп 

болып отырғанға ұқсайды. Осы мәсе-

лені тексеру мақсатында қала проку-

роры арнайы бес қызметкерді бөліп, 

сот орындаушыларының қоржынында 

жатқан 1640 істі анықтап көріпті. Сонда 

мына жай белгілі болған: алимент төле-

мейтіндердің 700-і жұмыс істейді және 

тұрақты жалақылары бар екен, 113 адам 

көрсетілген мекенжайда тұрмайтын 

болып шыққан, 153 борышкер басқа 

облыстың аумағына көшіп кеткен, яғни, 

олардың ісімен сол өздері тұрып жатқан 

аймақтың сот орындаушылары айналы-

суы қажет. Сорақысы сол, сот орындау-

шыларының папкасында жатқан 105 

борышкер әлдеқашан бұл дүниеден 

өтіп кеткен болып шықты. Өлгендердің 

ісі  қысқартылуы тиіс болса да, ол сот 

орындаушыларының папкасында шаң 

басып жата берген.

Осы мәліметтен байқалғандай, сот 

орындаушыларының өз жұмыстарына 

мүлдем жауапсыз қарайтындығы анық 

көрініп тұр. Тұрақты жұмысы, жалақы-

сы бар 700 ата-ананы сот орындаушысы 

өз құзыреті шеңберінде неге жауапкер-

шілікке тартып, алимент қарызын өндір-

мейді? Прокуратура қызметкерлерінің 

жоғарыда айтқан тексеруі барысында 

алимент бойынша қарызға белшесінен 

батқан 70 азаматтың автокөлігі, басқа 

да құнды заттары бар екен. Яғни, сол 

бағалы заттарын тәркілеу арқылы да 

қарызды жабуға болар еді. 

Сот орындаушыларының қырсыз-

дығына мына жайлар анық дәлел бола 

алады.  Астрахан ауданында тұратын 

В.Садчиков деген азамат ажырасқан 

әйелімен бірге тұратын екі баласы үшін 

алимент төлемей, қарыз мөлшері 500 

мың теңгеге жеткен. Содан сот орын-

даушысы оның үстінен қылмыстық іс 

қозғаған. Сол-ақ екен, борышкер азамат 

екі күннің ішінде 500 мың теңге қары-

зын жабады. Сонша қарызды екі күнде 

жабуға шамасы жеткен адамның өз 

балалары үшін әлденеше айлап алимент 

төлемеуінің себебі неде? Мұның аста-

рында ең алдымен қайырымдылық, жа-

уапкершілік сияқты адами қасиеттердің 

жоқтығы жатқаны анық. Қылмыстық іс 

ашылған сәтте содан қорқып қарызын 

екі күнде жапқан әкенің жүрегінде өзі 

дүниеге әкелген сәбилеріне деген әкелік 

сүйіспеншілік, мейірім сезімдерінің 

жоқтығы көрініп тұрғандай. 

«Тәшкенде бір жездем бар, менен 

де өткен сорақы» демекші, қала проку-

рорының айтуынша, алимент қарызына 

батқандардың арасында лауазымды 

қызмет істейтіндер мен қалталы бизнес-

мендер де бар екен. Жұмысы жоқтықтан 

немесе тұрмысы төмендіктен алимент 

төлеуге шамасы жетпей жүргендерді 

түсінуге болар, ал, бақуатты осындай 

азаматтардың өз балаларын ашқұрсақ 

қалдырып, қарақан бастарын күйттеп 

жүргендерін қалай түсіндіруге болады? 

Сот орындаушыларының алименттен 

басқа да істері аз емес және олардың көбі 

алиментті басты шаруа санамайтыны 

түсінікті. Борышкерлер санының жыл 

санап артып, істер қатарының көбеюі 

осыны аңғартады. Осы орайда, Көкше-

тау қаласы прокурорының «жекелеген 

сот орындаушыларына тек алимент 

қарызын өндіру істерін берген дұрыс» 

деген пікірімен келісуге болады. Осын-

дай жағдайда сот орындаушысы тікелей 

алимент қарызымен айналысса, бұл са-

ладағы қордаланған мәселелер шешімін 

табар еді. 

Статистикалық мәліметтерге жүгі-

нер болсақ, алимент төлеушілер қатары 

жыл санап өсіп бара жатқанға ұқсай-

ды. Алимент қарызы көлемінің өсуіне 

борышкерлердің  көптігі  ғана  емес, 

алимент төлейтіндер қатарының өсуі де 

ықпалын тигізіп отырғаны анық. АХАЖ 

мәліметіне назар салсақ, бүгінгі күні 

ажырасушылар саны үйленгендердің 

санының 60 пайызынан асыпты. Яғни, 

әрбір екінші жұп ажырасады деген сөз. 

Ажырасушылар  қатарының  көбеюі 

алимент төлеушілер санының өсуіне, 

осыған орай, жетім балалар қатарының 

артуына ықпалын тигізіп отырғаны бел-

гілі. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың 

жолын ізде» деген халық даналығын 

ескерсек, алимент қарызы мәселесінің 

бір ұшы отбасылардың шаңырағының 

шайқалмауында жатқаны анық. Болары 

болып, бояуы сіңген соң ғана айналысып 

әуреге түспей, мұндай келеңсіздіктің 

алдын алу шарасын жасау әлдеқайда 

тиімді болар еді. Осы орайда, жастар 

арасында ұлттық дәстүрлеріміз бен 

салт-санамызды насихаттаудың мәні зор 

екені даусыз. Өкінішке қарай, мектепте 

оқытылатын қаптап кеткен пәндердің 

арасында ұлттық дәстүрімізге арналған 

сабақтың жоқтығы жастарымыздың от-

басын құруды ойыншық сияқты санап, 

оған жеңіл-желпі қарауына ықпалын 

тигізіп жатыр. Қит етсе батысты үлгі 

етіп, содан үйреніп, жастарымыздың 

санасын да сол батыстық мәдениетпен 

улап жатқан біз осының зардабын тарта 

бастаған секілдіміз. Ол жылдан-жылға 

ажырасушылар санының көбеюі, тас-

танды балалар мен бауыр еті баласын 

тағдыр талқысына тастап, алимент тө-

леуден жалтарушылар қатарының өсуі 

түрінде көрініс беріп отыр. 

«Ел боламын десең бесігіңді тү-

зе» дейді қазақ. Балаға деген мейі-

рім жоғалған қоғамның болашағы да 

бұлыңғыр болмақ. 

Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОлА ОБлыСы



ақпараттық қауіпсіздік 

шекара мен шектеуге  бағынбайды



Мемлекет  басшысының  жарлығымен  биыл  елімізде 

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. 

Мұндай қажеттіліктің өзі ақпараттық қауіпсіздікті қамта-

масыз етуден туындап отырғаны белгілі. Ақпараттық 

технология ның дамуы, ғаламтор иіріміне түскен тіршілік 

ағымы осындай қадам жасауға мәжбүрлеуде. Өйткені, шекара 

мен шектеуге бағынбайтын түрлі ақпараттық шабуылдар 

қоғамдық сананы улайтындығымен қатерлі. Қоғам рухани 

індетке шалдықса, оны сауықтыру өте қымбатқа түсетін-

діктен, ақпараттық қауіпсіздікті мемлекет тарапынан 

қамтамасыз етіп, оның алдын алудың маңызы зор болмақ. 

Жаңа министрлік құрудың да өзектілігі осында жатса керек.

ондай жағдай қоғам мүддесіне, 

ұлттық қауіпсіздікке, елдің тәуел-

сіздігіне де нұқсан келтіруі мүм-

кін. Олай болса, ақпарат дегеніміз 

белгілі бір ұйымның құнды мүлкі 

мен құрылғылары секілді іс-қыз-

мет жүргізуге, жұмыстың қалып-

тылығын үйлестіретін негізгі 

құн дылық саналатындықтан, ол 

міндетті түрде қорғалуы қажет. 

Бұрын біз ақпаратты қағаз бетіне 

түсіріп, сақтап, өзгеге таратып 

келдік. 


Қазіргі  таңда  компьютер, 

интернет  желілерінің  қолда-

нысқа кеңінен енуіне орай, оны 

электрондық, онлайн түрдегі 

ресурс ретінде сақтап, таратуға 

көштік. Бүгінгі ақпараттық жүйе 

осындай аса күрделі болған-

дықтан, кейде адам факторынан 

тыс  қауіптерді  де  тудырады. 

Мәселен, қазіргі әлем елдерінің 

байланыс пен қарым-қатынас 

құралы интернет болғандықтан, 

оған ірілі-ұсақты миллиондаған 

жүйе өзара тіркеліп, қосылады. 

Бұдан қыруар уақыт пен шығын 

үнемделгенімен, қаскөйлердің 

қылмыстық жолмен пайда та-

буына, алапат қиратуларды әке-

летін зиянды бағдарламаларға 

да жол ашылады.

Интернетте мемлекеттік ше-

кара мен шектеу атаулы бол-

майтындықтан, ақпараттық қа-

уіпсіздік мәселесі бірер ұжым, 

аймақ,  құрлық  немесе  жеке 

бір мемлекеттің ғана пробле-

масы емес. Бұл шын мәнінде 

бүкіләлемдік  өткір  мәселеге 

айналды. Компьютер, ақпарат-

тық же лілік қауіптің зардабы 

табиғи апаттан артық болмаса, 

кем түспейді. Оны жаппай қы-

рып-жоятын атом, ядролық қару-

дың ықтимал қаупімен де салыс-

тыруға болады. Ақпарат әскери 

бұйрықтар мен пәрмен беруге 

қолданылатындығын ескерсек, 

компьютер, ақпараттық-желілік 

жүйедегі қауіпсіздік мәселесі 

қорғаныс саласында да маңыз-

ды. Осының өзі істі қалыпты 

түрде жүргізудің, қауіптің алдын 

алудың техникасы мен тәсіл-

дерін  қысқа  мерзімде  жедел 

жасап, жетілдіруді талап етеді. 

Ақпараттық техника құралда-

рына, желілерге, бағдарламамен 

қамтамасыз ету қызметтеріне 

қасақана шабуыл жасау ұлттық 

қауіпсіздікке, қорғаныстық қа-

білетке зауал төндірумен қатар, 

еліміз ге қарсы қолданылатын 

күрес пен текетірестің бір түрі 

екендігін де жоққа шы ғара ал-

маймыз.

Компьютерлік, ақ   па  раттық 



желі арқылы жүретін со ғыс   тың 

құралы  ядролық  шайқаспен 

салыс  тырғанда оның қамтитын 

аумағы, мерзімі, зардабы мен 

шығыны тобымен емес, жап-

пай қырып күйрететін сипатты 

танытып  отыр.  «Жаппай  қы-

рып-жою» қаруының бір түріне 

ендігі жерде ақпараттық жүйені 

де жатқызбасқа лаж жоқ. Ком-

пьютерлік, ақпараттық желінің 

де өзіндік шабуыл түрлері бар.

Технологиялық прогрестің 

тағы бір жетістігі болып сана-

латын әлеуметтік желілердің 

(facebook, myspace, biznetwork, 

ВК т.с.с) де пайдасы мен зияны 

бірдей болып отыр. Оның сал-

дарынан азаматтары мыз жеке 

құпияларынан айырылуымен қа-

тар, кері әрекеттерге, қылмысқа, 

бейбе рекет тікке, діни секталарға 

да тартылып жатыр. Ақпарат-

тық қызметті үзіп тастайтын 

шабуылдардың да зардаптары 

баршылық.  

Зерттеушілер ұсынған мә-

ліметке қарағанда, улы кодтар-

дың 60 пайызын АҚШ және Еу-

ропа одағы елдері, 25 пайызын 

ҚХР,  15  пайызын  өзге  елдер 

жібереді екен. Бұл тек біздің 

ел үшін ғана қауіпті құбылыс 

емес. Улы кодтардың белсен-

ділігі барған сайын артып келе 

жатқандығы ғаламдық пробле-

ма. Бұл трансұлттық деңгейде-

гі ұйымдасқан қылмыс болған-

дықтан,  оны мен  бүкіл  әлем 

болып  күресіп,  ақпа раттық 

қауіп сіздікті күшейтуді талап 

етеді.


Ақпараттық  қауіпсіздік 

мәселесін айт қанда одан БАҚ 

саласын тыс қалдыра алмай-

мыз. Мынандай бір әңгіме бар. 

Ресей-Грузия соғысы тұсында 

бір  дамушы  елдің  телеарна-

сы бір күні Ресейді жақтаса, 

келесі күні Грузияны жақтай-

ды  екен.  Осылай  алма-кезек 

жүре берген. Сөйтсе, телеарнада 

Ресейде білім алған орыстілді 

және АҚШ-та білім алған ағыл-

шынтілді екі аудармашы жұмыс 

істепті. Демек, ақпарат көзі қай-

дан болса, көзқарас та содан 

бастау алады.

Негізі, оқиға орнында өз тіл-

шісі болып, әр ел әлемге өз тере-

зесінен қарағанға не жетсін. Ал, 

біздің ақпарат құралдарының 

қай елде қанша тілшісі бар? Әри-

не, санамалап бере алмай мыз. 

Ары  кетсе,  2-3-тен  аспайды. 

Не гізінен, қазіргі редак циялар 

мен телекомпаниялардың басты 

дерек көздері – ресейлік агент-

тіктер. Сонда әлемге әлі де болса 

Ресейдің  көзқарасымен  баға 

беріп отырмыз.

Тоқ етерін айтқанда, бүгінгі 

уақыт,  жаһандану  үдерістері  

ақпараттық қауіпсіздік мәсе-

лесіне  мүлде  жаңа  қырынан 

қарауды қажет етіп отыр. Бұл 

тұрғыда ең алдымен  ақпарат-

тық қауіпсіздік саласындағы 

ұлттық заңнаманы жетілдіру  

айрықша маңызға ие. 



Айша ҚҰРМАНҒАли, 

«Заң газеті»

АСТАНА


Мәселе

алимент қарызын 

азайтудың Жолы қандай?



А

ң-құс, хайуан да өз төлінен безінбейді. Бұғанасы бекіп, қанаты қатқанша асы-

рап-өсіреді, тәрбиелейді. Ал, саналы адамдардың арасында өздері дүниеге 

әкелген балаларынан безу, сәбилерді тағдыр тәлкегіне тастап, қарақан бастарын 

күйттеп кету жылдан-жылға белең алып барады. Осының кесірінен алимент төлеу 

жайы бүгінде мемлекеттік деңгейде көтерілетін өзекті мәселе болып отыр. Өзек-

терін жарып шыққан өз балаларын асыраудан қашып жүрген «қашақ әкелер» қатары 

көбейіп кетті. 

4

№135 (2913) 

30 қараша 2016

zangazet@mail.ru



(Соңы. Басы 1-бетте)

1 желтоқсан — тұңғыш президент күні

Бүгінгінің бас тақырыбы

Таяуда Президентіміз Нұрсұлтан 

Назарбаевтың ресейлік «Россия 24» 

телеарнасына берген сұхбатында  

«...Одақтың ыдырауы табиғи про-

цесс», – дегені бар. Дөп айтылған. 

Өйткені, мәңгілік жасаған басқыншы 

империяны көрген емеспіз. Ерте ме, 

кеш пе, бәрі де құлаған. Кеңес Одағы 

да сол кепті киді. Табиғи деп отырға-

ны сол. 

Осы табиғи һәм тарихи процес­

тердің басы­қасында болған, сон-

дықтан, дербестік алудың оңайға 

түспегенін білетін бірден­бір тұлға, 

сөзсіз, ол – Нұрсұлтан Назарбаев. 

Кеңес шекпенінен шыққан кез, яғни, 

90­шы жылдардың басындағы тоқы-

рауда ел тізгінін қолға алу екінің бірі 

бара бермейтін қадам. Нұрсұлтан  

Назарбаевтың тұлғасын ерекшелей-

тін де, тарихта атын қалдыратын да 

осы – өліара тұста ел билігіне тәуе-

кел етуі. Әрине, қазақ қайраткерлері 

туралы сөз қылғанда шоқтығы биік 

Дінмұхамед  Қонаевты  қаперден 

шығармаспыз. Бірақ, ұмытуға бол-

майтын  ұлы  тұлғаның  ізбасары, 

шәкірті саналатын бүгінгі Елбасы-

мызға тәуелсіз Қазақ елін басқару 

бақыты, мәртебесі және азат халыққа 

қызмет  ету  мүмкіндігі  бұйырды. 

Оның үстіне, Тәуелсіз Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті атанды. 

Жалпы, «Ұраны – Алаш, кере-

гесі – ағаш» болып табылатын қа-

зақ ұлтына басшылық еткендердің 

қай­қайсысының да тарихтағы орны 

бөлек. Тек әр басшыға әртүрлі кезең-

де, түрлі қиыншылық жағдайында 

жетекшілік етуге тура келді. Өмір 

сүрген тарихи кезеңі мен мемле-

кеттік басқару жүйесіне байланы-

сты титулдары түрлі болғанымен, 

барлығына жүктелген міндет біреу 

ғана – қазаққа қызмет ету. Сұлтан-

махмұтша сілтесек, ұлтымыздың 

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше 

сөнбеуіне» кепілдік болу. Ел тізгінін 

қолға алғандарға атан түйенің жүгі 

артылатыны сондықтан. Аталмыш 

кепілдікке кепіл болу. Ендеше, оның 

бүгінгі кепілі – Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев. 

Жасыратыны  жоқ,  соңғы  кез-

де  Президентіміздің  мәртебесін 

асқақтату, тұлғасын ерекшелеп көр-

сету, қызметіне баға беруді жағым-

паздықпен шатастырып алып жүр-

гендер жоқ емес. Елбасының есімін 

сөзінің «бісмілләсінә» айналдырған-

дардың, қай тақырыптағы болсын ел 

тағдырына қатысты әңгімені «Пре-

зиденттің тапсырмасы бойынша...» 

демей бастамайтындардың қарасы 

көбейді. Қай салада да. Мемлекет 

басшысы мақтауымызға, мадақтау 

сөзімізге зәру емес. Оның көреген 

басшы екенін, сарабдал саясаткер 

екенін әлем мойындаған. Әрі елдің 

дамуына, Елбасының еңбегіне баға 

беретін – бүгінгілер емес, ертеңгі 

та рих. Ал, Елбасының ел үшін атқар­

ған басқа қыруар дүниелерін былай 

қойғанда, Тәуелсіз Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті ретінде ертеңгі 

тарихқа енетіні даусыз. 

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»       

Баға Беретін —

Бүгінгілер емес, 

ертеңгі тарих

«Ата-бабамыздың ғасыр-

лар бойы асыл арманы болып 

келген  егемен  Қазақстан-

ды  құру  жөніндегі  тарихи 

аманаты 1991 жылғы 1 жел-

тоқсанда бірауыздан Мем-

лекет басшысы болып сай-

ланған  Тұңғыш  Президент  

Н.Назар баевтың басшылы-

ғы мен іске асты. Республика 

Президентінің  жетекшілі-

гімен кең ауқымды экономика-

лық, саяси және әлеуметтік 

реформалар жүзеге асырыл-

ды. 

Қазақстан мемлекеттілігінің негізін 

қалаушы – еліміздің Тұңғыш Прези-

денті Н.Назарбаев халықты жар қын 

істерге жұмылдыру, қоғам дағы татулық 

пен келісімді нығайту, бүкіл халықара-

лық қоғамдастықтың ризашылығы мен 

құрметіне ие болған жаһандық және 

өңірлік бейбіт бастамалардың авторы 

ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл 

айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. 

Мемлекет басшысының жан­жақты 

сараланған ішкі және сыртқы сая са­

тының арқасында еліміз саяси және 

әлеуметтік­экономикалық сілкіністерге 

ұшырамай, дербес дамудың өтпелі ке-

зеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды 

еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жо-

лына шықты». Парламент қабылдаған 

Қазақстан Республикасының мемле-

кеттік тәуелсіздігінің декларациясын да 

Елбасы жайлы осындай пікір айты лып, 

1  желтоқсан,  яғни,  тұңғыш  прези-

дент сайлауы болып өткен күнді Қа-

зақстанның Тұңғыш Президенті күні 

ретінде мерекелеу жөнінде заң қабыл-

данған­ды. Алғаш рет өткен жалпыха-

2011 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан 

Республикасындағы мерекелер туралы» 

заңына толықтыру енгізіліп, еліміздегі 

мемлекеттік мерекелер қатарына 1 жел-

тоқсан  –  Қазақстан  Республикасының 

Тұңғыш Президенті күні қосылған бола-

тын. 

Бұл мерекенің елімізде тойлануы қазіргі заман талабы. 

25 жыл тарихы бар мемлекетіміздің тәуелсіздігіне егемен ел 

ретінде қол жеткізуімізге өлшеусіз еңбек сіңірген Елбасын 

ұлықтайтын әрі өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді сіңіру 

үшін маңызды осы күн мемлекеттік мереке ретінде бесінші 

жыл тойланғалы отыр.

Мерекенің шығу тарихына үңілер болсақ, 1991 жылғы  

1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен 

Қазақстанның негізін салушы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш 

рет Президент болып сайланды. Осы күннен бастап еліміз 

үшін жаңа дәуір басталды.

Бастапқы қалыптасу жылдары елімізге, елдігімізге сын 

болды, көпұлтты, геосаяси жағынан күрделі жерде орна-

ласқан, Кеңес Одағы күйреген шақта қиын әлеуметтік­эконо-

микалық жағдайда қалған мемлекетімізді тығырықтан даму-

дың даңғылына алып шыққан Тұңғыш Президентіміз халық 

тарапынан Елбасы деген бірден­бір атқа ие болған Нұрсұлтан 

Назарбаев еді.

Елімізге Тұңғыш Президентіміз басшылық етіп келе 

жатқан осы жылдарда Қазақстан Республикасы экономика-

сы құлдыраған посткеңестік мемлекеттен әлемнің алпауыт 

елдерімен терезесі тең диалог жүргізе алатын мемлекетке 

айналды, экономикамыз өркендеу жолына түсіп, халықтың 

жағдайы жылдан­жылға жақсарып келеді. Қазіргі әлемнің ең 

дамыған мемлекеттерінің өзі дағдарысқа ұшыраған кезеңде 

де барлық әлеуметтік төлемдер сақталып, жұмыс орында-

ры қысқармай, керісінше, жаңа жұмыс орындары ашылып 

жатқан бірден­бір мемлекет Қазақстан Республикасы болып 

отыр. Еліміздің дағдарыстан шығу моделін қазіргі таңда 

Еуропаның ең дамыған мемлекеттері қызығушылықпен 

зерттеуде.

Азаматтардың үйлесімді және жан­жақты дамуы үшін 

барлық жағдайлар жасалған, олардың құқықтары мен бос­

тандықтарының сақталуы және қорғалуы үшін мемлекеттік 

құқық қорғау жүйесі жылдан­жылға жетілдірілуде. Осы 

орайда, сот жүйесінің де Елбасымыздың ұдайы назарын-

да дамылсыз дамып, заман талабына сай реформаланып, 

жалпы мемлекеттің мүдделерінен бастап, әр азаматтың 

әділсотқа деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 

өзгерістерге ұшырап отырғандығын атап өтуіміз қажет. Бұл 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың ел мүддесі, ұлт мүддесі үшін 

мемлекет өмірінің қай саласын болсын өз назарынан тыс 

қалдырмайтынының айқын көрінісі, оның ішінде Ұлт көш-

басшысы сот саласын халықаралық стандарттарға сәйкес 

келетін және демократиялық талаптарға сай, халыққа тиімді 

қызмет ететін жүйе ретінде қалыптастыру қажет екендігін 

әрдайым назарда ұстайды.

Көпұлтты мемлекетіміздегі әрбір ұлт пен ұлыстың тілі мен 

мәдениетінің, ділінің сақталуына мүмкіндік жасалған, әлемде 

дінаралық, ұлтаралық дүрдараздық өршіп тұрған ХХІ ғасыр­

да біздің көпұлтты еліміз Елбасымыздың басшылығымен 

ынты мағын жоғалтпай, тату өмір сүруде. Осылайша Н.Назар­

баевтың басшылығымен еліміз ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға 

күллі әлемді бірлігімен, ынтымағымен, дамуға ұмты лысымен 

таңғалдыра қадам басып, сенімді түрде алға ұмтылуда. 

Ал, еліміздің ұйыған бірлігі мен ынтымағына сына қағып, 

сырттан іріткі салғыш күштерге еліміздің, жастарымыздың 

санасын улатпау мақсатында халықты жұмылдырудың бір-

ден­бір жолы – патриоттық рухты көтеретін іс­шаралардың 

көптеп өткізілуі, ұлтты ұлт ретінде айқындайтын маңызды 

мерекелерді атап өту арқылы ұрпақты тәрбиелеу болмақ. 

Оның ішінде  Ұлт көшбасшысын ұлықтайтын, сол арқылы 

елімізді дамудың жолына біріктіретін осынау мерекеміздің 

орны айрықша. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет