Мыстан кемпір: Қап, бәлем! Ұсталдың ба?
Бай: /көзі алақандай болып, шошып кетеді/ Жібер мені, жібер.
Мыстан кемпір: Жо-Жоқ, мен сені жіберсем,сен маған не бересің?
Бай: ат басындай алтын беремін. Қоя бер мені. Ойбай қылқынып барамын, бір отар қойымды берейін. Мен баймын ғой. Малым жанымның садақасы.
Мыстан кемпір:Жоқ.маған сенің алтыныңда,қойың керек жоқ.
Бай : Ендеше бір үйір жылқымды беремін.
Мыстан кемпір: Жоқ ,жоқ. Маған сенің жалғыз ұлың керек.
Бай: Қу,жаным-ай. Ұлымда жалғыз ғой, қайтейін берейін, берейін,жіберші мені.
Мыстан кемпір: Жарайды жіберейін, бірақ ұлыңды маған қалай ұстап бересің.
Бай: Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың. Ол осы сақаны алуға келгенде ұстап аласың.
Инсценировка құрастыру – әдеби талдаудың тиімді тәсілдердің бірі. Бұл жұмыстар оқушылардың көркем мәтінді терең, әрі шығармашылық жолмен түсінуге игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, сахна өнерлеріне деген қызығушылықтарын да арттырады. Инсценировка жасату сондай-ақ көркем мәтінді ыждағатпен,оймен оқуға, көркем мәтінді көз алдына келтіріп, бейнелі түрде қабылдауларына да әсерін тигізеді.
Қазақ әдебиеті сабағында бір ғана тақырыпты өткен уақытта әр түрлі әдіс-тәсілдерді, сабақ типін мұғалім өз қалауынша өзгерте алады. Шығарма мазмұнын толық меңгергеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар, әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып,жүргізген дұрыс.
Әдеби талдауды төмендегідей үлгі бойынша жасауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |