Әртүрлі геологиялық формациялардың жиынтығы), жер қыртысының құрлымдық элементтерін (құрлымдық-формациялық белдемдер жиынтығы) жан-жақты зерттеу нәтижесінде жүзеге асады



бет7/7
Дата24.11.2023
өлшемі10,97 Kb.
#125402
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
геол1

Іздеу — барлау істері пайдалы қазбалардың нақтылы түрлерін кіріктіретін руда белгілері мен кендердің геологиялық жағдайын, сол сияқты жаңа кендерді іздеп табу, ал табылған кендерді барлау және бағалау шараларының ең тиімді және ең арзан тәсілдерін зерттеу істерімен айналысатын геологиялық ғылым саласы. Кеніштік геология нақтылы кенді игеру шаралары мен тікелей айналысатын кеніш жұмыстарын геологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету және сол кеннің болашақ мүмкіндіктерін анықтау міндеттері мен шұғылданатын жоғарыдағы міндеттерді атқарады, тек қана бұл міндеттер кеніштерге емес, шахталарға қатысты атқарылады.Геологиялық білім салаларының тізбегінде “Геоэкология” деген ұғым ерекше жекеленеді. Геоэкология бүкіл жер қыртысы бетінің, минералдық шикізатты өнідіру және өңдеу шаралары жүзеге асырылып жатқан өңірлердің адамдар атқарған шаруашылық әрекеті нәтижесінде ластануы мен және сол ластанудың тіршілікке тигізер жағымсыз әсерімен байланысты туындайтын мейілінше көкейтесті мәселелерді зерттейтін жаңа ғана қалыптасып келе жатқан ғылым саласы.Ол адамдардың шаруашылық әрекеті нәтижесі табиғат тепе – теңдігінің бұзылуына, яғни жер қыртысының беткі жазықтығына ластануына тікелей себепкер геологиялық ғылым салаларымен, бірінші кезекте кеніштік және шахталық геологиямен гидрогеологиямен, инженерлік геологиямен т.с.с. тығыз байланысты.Екінші жағынан, геоэкалогия “экология” атаулы өте маңызды ұғымның құрам – бөлігі болып табылады, себебі экология ұғымы бүкіл қоршаған орта ластануының себеп – салдарын кешенді түрде зерттейді және адамдардың шаруашылық әрекеті тудыратын барша келеңсіздіктермен күресудің табиғатты қорғау тұрғысынан жасақталған шараларын белгілеп береді.
Геология ғылымы көптеген жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Мәселен, геологиялық заттың ( химиялық элементтердің минералдапрдың, тау жыныстарының т.с.с.) құрамын, құрлысын және қасиеттерін зерттеуде, оның уақыт пен кеңістіктегі қозғалыс бағдарын анықтауда геология ғылымы физика мен химияға сүйенеді, және осы ғылымдардың әдіс – тәсілдерін өте жиі пайдаланылады. Мұндай байланыстардың өте жарқын дәлелі геофизика және геохимия деп аталатын арнаулы ғылымдардың жеке отау тігуі. Геология, сол сияқты, жердің планета ретінде жаралу мәселесімен және оның өзгеде ғарыш ортаны анықтайтын табиғи жағдайлар кешені (жербедері, климат, топырақ т.с.с.) зерттейтін физикалық географиямен, Жердің мөлшері мен пішін ерекшеліктерін саралайтын геодезиямен тығыз байланысты. Жердегі тіршіліктің пайда болуы және оның дамуы жайлы мәселелерді зерттеуде геология биологиямен байланысты.Минералдық шоғырлардың жер қойнауында орналасуының геологиялық болмыс – бітімі анықтамай тұрып минералдық шикізаттарды өндіру кәсіп орындары жұмысының тиімділігін арттыру , яғни олардың жұмысын жеңілдету немесе энергия шығынын азайту шараларын табысты шешу тіпті де мүмкін емес; олай болса ,геология мен тау – кен ғылымы арасындағы байланыс та мейілінше маңызды. Пайдалы қазба кендерін кешенді түрде игеру және табиғи минералдық заттардың байығыштық дәрежесін анықтау проблемаларын табысты түрде шешу жолында рудалардың минералдық және элеметтік құрамын саралау , сол сияқты рудадағы бағалы түрбөлшектердің ( компоненттердің) болмыс пішінін анықтау шаралары өте зор рөл атқарады.Ендеше геология ғылымы металлургиямен де тығыз байланысты болған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет