Вулканология – жанартаулар жайлы ғылым, сол жанартаулардың морфологиясын, көрініс беру ерекшеліктерін, туындау себептерін, жер бетінде орналасу ерекшеліктерін және олардың әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдерді зерттейді. Сейсмология – жерсілкіністер, сол сілкіністердің туындауын және көрініс беруін қамтамасыз ететін геологиялық жағдайлар жайлы ғылым. Сейсмологияны геофизиканың жеке тарауы ретінде қарау орынды. Ал жалпылама геофизикаға келетін болсақ, ол жер қыртысында, жер мантиясында және оның ядросында етек алған физикалық құбылыстар мен процестердің түп — тамырын зерттейтін жекелеген ғылымдар жиынтығы болып табылады. Түрлі-түрлі геофизикалық зерттеу әдістері Жердің және оның басты-басты геосфераларының, бір інші кезекте жер қыртысының, литосфераның және астеносфераның, геологиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтауға негізделген геологиялық ғылымның мейлінше көкейтесті теориялық мәселелерін нақтылауға мүмкіндік береді. Кейбір геофизикалық зерттеу әдістерінің іс-тәжірибедегі өте маңызды мәселелерді шешу, мәселен, жер қыртысындағы түрлі-түрлі пайдалы қазба шоғырларын тап басу мүддесін ойдағыдай орындау жолындағы атқаратын рөлі айрықша.Геоморфология – жер бетінің морфологиялық ерекшеліктері, әр түрлі жербедер пішіндерінің қалыптасуы және даму жайлы геологиялық-географиялық ғылым. Құрлық гидрологиясы – құрлықтағы табиғи суларды, олармен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылыми пән, география ғылымының жеке саласы. Сол сияқты, динамикалық геологиямен тығыз байланысты физикалық географияның құрам бөліктері қатарына жататындар: гляциология – мұздықтар жайлы ғылым, лимонология – құрлық бетінің су алмасу көрсеткіштері мейлінше төмен дәрежемен сипатталатын көлдері және шағын-шағын су алаптары жайлы ғылым, ал климатология – климат жайлы, оның қалыптасуы, таралу және өзгеру жайлы ғылым. Органикалық тіршіліктің Жер бетінде пайда болуы, көрініс беру ерекшеліктері және даму барысы жайлы геология саласындағы бірден-бір ғылым –