Әртүрлі геологиялық формациялардың жиынтығы), жер қыртысының құрлымдық элементтерін (құрлымдық-формациялық белдемдер жиынтығы) жан-жақты зерттеу нәтижесінде жүзеге асады



бет1/7
Дата24.11.2023
өлшемі10,97 Kb.
#125402
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
геол1


Геология – жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі, ол Жердің құрылысын, құрамын, жаралу тегін және дамуын, сол сияқты жер қыртысының, оны құрайтын минералдардың , тау жыныстарының, рудалардың, өзге де пайдалы қазбалардың қалыптасу, процестеріндегі заңдылықтарды,Жердегі тіршілік атаулының пайда болу даму тарихын зерттейді. “ Геология” сөзі грек тілінен аударғанда Жер туралы ғылым деген түсінікті білдіреді (“Гео”-“жер “, “логос “-“сөз, ғылым”). Ендеше , геология ғылымының ең басты зерттеу нысаны тұтас алынған Жер планетасы деп түсінілуі тиіс. Алайда бұл ұланғайыр нысанды танып білу шаралары ең алдымен оның көзбе –көз қадағалауға қолайлы сыртқы қатты қабығын –жер қыртысын және оны құрайтын минералдарды, тау жыныстарын (әр түрлі минералдар жиынтығы) ,геологиялық таскелбеттер мен формацияларды (тау жыныстарының жекелеген түрлерінің жиынтықтары), құрылымдық- формациялық белдемдерді
(әртүрлі геологиялық формациялардың жиынтығы), жер қыртысының құрлымдық элементтерін (құрлымдық-формациялық белдемдер жиынтығы) жан-жақты зерттеу нәтижесінде жүзеге асады. Жер қыртысын көзбе-көз зерттеуді жүзеге асырумен қатар, ғылыми техникалық прогрестің бүгінгі деңгейі планетаның ішкі өңірлеріне де “көз жүгіртуге “ мүмкіндік беруде. Мәселен, зерттеудің геофизикалық әдістері деп аталатын мейілінше пәрменді зерттеулер жиынтығы Жердің терең қойнауларында, тіпті оның ядросы өңірінде етек алған физикалық құбылыстар мен процестерді қадағалауға мүмкіндік беріп отыр. Мұның бәрі Жер планетасын геологиялық нысан ретінде жан –жақты зерттеуге, сөйтіп жинақталған мәліметтерді саралаудың нақтылығы мен ауқымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған нысандарды зерттеу арқылы олардың қалай жаралғанын, қандай өзгеріске ұшырағанын, уақыт пен кеңістіктегі даму барысының бағыт- бағдарын анықтауға болады, сөйтіп олардың жаралуы мен бүгінгі жағдайы аралығындағы геологиялық даму тарихын қадағалау және сатылай отырып қалпына келтіру мүмкіндіктері жүзеге асады. Бұл нысандардың әрбіреуі, мәселен ,жекелеген минералдар мен тау жыныстары, сырт көзге мейілінше марғау да салғырт көрінеді , алайда кез- келген тас өзінің қалыптасу жағдайы және одан кейінгі кездерде өткерген өзгерістері жайлы құнды- құнды мәліметтерді өн бойында ұдайы сақтайды.
Геология,сөзсіз, ғылымының бірегей де жеке түрі. Алайда оның дамуы барысында сол геология шаңырағынан жеке отау тіккен ғылыми пәндер көптеп саналады, олардың кейбіреулері бүгінгі таңда жеке ғылым салалары ретінде дараланады. Сөз болып отырған жекелеген ғылым салалары мен тарауларының мақсат- мүдделері әр түрлі, олардың зерттеу әдістері де әдетте өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді, себебі олар планетаның жаралу , даму және бүгінгі қалпына келу жағдайларын тек өз тұрғысынан ғана саралауға тырысады. Солай бола тұрса да, олар бір- бірімен тығыз байланысты және, сайып келгенде, тек бір арнаға ғана келіп тоғысады, ол арна –геологияның басты мүддесі, яғни Жердің құрам және құрылыс ерекшеліктерін анықтау, сол сияқты оның даму заңдылықтарын ашып көрсету.
Геологиялық ғылымның құрам-бөліктерін, яғни оның басты-басты пәндері мен салаларын, өздерінің зерттеу нысаны тұрғысынан, шартты түрде алты топқа бөлуге болады. Бұлар төмендегі мәселелерді зерттейтін ғылым тараулары мен салалары:1) жер қыртысы мен литосфераның заттық құрамын; 2) геологиялық процестерді; 3) өлі организмдердің қалдықтарын және олардың тіршілік белгілерін пәрменді түрде зерттеу нәтижесінде органикалық тіршіліктің жер бетінде пайда болуын, көрініс беру ерекшеліктерін және даму барысын; 4) геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын; 5) жер қойнауларын игеру және шаруашылық нысандарын тұрғызу мәселелеріне байланысты іс-тәжірибе шараларын; 6) пайдалы қазба кендерін зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геологиялық – экономикалық әрекеттерді.
Жер қыртысы мен литосфераның заттық құрамын зерттейтін геологиялық пәндер санатына жататындардың ең негізгілері- кристаллография, минералогия, петрография,петрология, литология, геохимия. 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет